«Республика сарайына кіргізбей қойған»: Нұртас Айдарбеков ұлы Қайрат Нұртастың аяғынан шалушы кім екенін айтты

Аиса Махамбет Редактор
30.07.2024, 16:42
2094
«Республика сарайына кіргізбей қойған»: Нұртас Айдарбеков ұлы Қайрат Нұртастың аяғынан шалушы кім екенін айтты жеке парақшасынан

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков ұлының өнерде жиі сәтсіздікке ұшырайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, продюсер журналист Айнұр Асанбердіге сұхбат беріп, өнерлі ұлы үшін алаңдайтынын жеткізді. 

“Қайрат бала күнінен сахнада жүр. Менің шешем керемет әнші болған. Әкем де әу деп қоятын. Бірақ ол кезде заман басқа болып, мал шаруашылығымен айналысты. Нағашылар жақта да өнерлі адамдар бар. Қайратқа екі жақтан да берілген болуы керек. Алайда ұлым балаларының өнерге барғанын қаламайды. Өнерде жүріп түрлі қиындыққа тап болды. Аяқтан шалушылар көп. Республика сарайында марқұм Арман Дүйсеновтің концерті өтіп жатқан. Қайрат та оның бірнеше әнін орындайтын. Қайрат барып, бір-екі әнін айтып берейін десе ішке кіргізбей қойыпты. Содан кейін мен бір-екі үлкен кісіге барып "Халық жауы болса алып шығып, алаңда атып тастай салсаңызшы. Әншіні Республика сарайына кіргізбей қою деген не сұмдық?!" деп айттым. "Шамалы қоя тұрыңыздар, бір жылдың ішінде бәрі де басылар, жоғарыдағылар шулап кетті" деп шығарып салды. Сондайдың бәрі Қайратқа үлкен соққы болып тиді”, – деді продюсер. 

Сонымен қатар жұлдызды әке ұлының қызбалыққа салынып кететінін жасырмады. Сондай кезде ұлына басу айтып, сабырға шақыратын көрінеді. 

“Қанша дегенмен жас қой, кейде қызбалыққа салынады. Сондайда "Балам, қоя бер, ең бастысы халықтың басым көбі сенің жағыңда. Оны елеме, өз тірлігіңді істеп, алға қарай жүре бер. Халық өзі керек кезінде сақтап алып қалады" деп айтып отырамын. Мысалы, баяғы "Прайм плазадағы" жағдайда Қайраттың еш кінәсі жоқ қой. Артық айтсам ренжімеңіз, Қайраттың жұмысы ғой бұл істеп жүрген. Қайратқа тапсырыс түсіп, ақшасын төлеп, "әжетхананың қасында ән айтып бересің десе", ол айтады. Өйткені ол – оның жұмысы. "Прайм плазада" да солай болды, ақшасын төледі, шақырды. Баннерге үлкен етіп суретін салды. Жұрттың білетіні – Қайрат. Содан жұрт "Қайраттың жеке концертінде көтеріліс болды" деп шулап кетті. Негізінде ол жерде Қайраттан басқа да әншілер болған",  – деп еске алды әкесі. 

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады