Түркістан облысында селфиге түсемін деп суға батып кеткен 16 жастағы қыздың туыстары іздеу жұмыстарына көңілі толмайтынын жеткізді

31.07.2024, 11:14
1153
Түркістан облысында селфиге түсемін деп суға батып кеткен 16 жастағы қыздың туыстары іздеу жұмыстарына көңілі толмайтынын жеткізді бейнежазбадан алынған кадр

Бойжеткеннің ата-анасы құтқарушылардың жұмысына көңілі толмайтынын мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қыздың ата-анасы алғашқы екі күні бар болғаны 6 маман келгенін айтты.

Істері өнбегесін әулетімізбен өзіміз де жиналып іздеп жатырмыз дейді жоғалған қыздың туыстары. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

"Құтқарушыларды бүгін Шымкенттен алдырдық. Түркістанның да мамандарын жіберуге болмайды ма? Түркістаннан адам шақырмаймыз дейді. Шымкентте бір-ақ машина жіберіпті. Бір машина алты адам. Ол не болады? Не істей алады алты адам? Үшінші күнге кетіп бара жатыр. Өзіміз де бүкіл ағайын-туысымызбен кірістік. Шаршадық", – дейді жоғалған қыздың туысы Жәмилә Әтеева. 

Қайғылы жағдай 28 шілде күні таңғы тоғыз жарымдар шамасында болған екен. "Сайрам-Өгем Ұлттық паркіне" достарымен қыдырып келген Ақерке Сұлтанбек тас үстінде фотоға түскен екен. Қасында тағы бір жігіт бар. Сол кезде қыздың аяғы тайып, басы тасқа ұрылған депті куәгерлер. 

"Бала да бірге қол ұстатып түсіп кеткен деді. Баланың көретін жарығы бар шығар. Біраз жерге ағып кетіп, есімді жинап шықтым дейді. Талдан ұстап қалған екен. Қыз сол күйі ағып кеткен. Көргендер тек қолын көтерді деді", – деп жыларман Ақеркенің анасы Қамажай Шортанова. 

Селфиге түсемін деп суға батып кеткен Ақерке үйде 6 перзенттің ортаншысы. Өзінен үлкен ағасы мен әпкесі бар. Он бірінші сыныпқа биыл аяқ басқалы тұрған оқушы нағашыларына қыдырып барып, әрі қарай достарымен Қасқасу ауданына барған дейді анасы. Соңғы сапардан анасы бейхабар болдым дейді. Әкесі екінші топ мүгедегі. Ал төтенше жағдай қызметкерлері іздеу жұмыстары бір аптадан бір айға жалғасуы мүмкін екенін де жасырмайды. Өйткені Қасқасудағы өзеннің су ағысы баяу емес.

"Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 54 қызметкер, 1 жүзу құралы және 4 бірлік техникасы, Түркістан облысы ПД 6 қызметкер және 3 бірлік техникасы, жергілікті атқарушы органдар 11 қызметкер жұмылдырылды", – дейді Түркістан облысының ТЖД. 

Бұл іске қатысты әзірге ешқандай қылмыстық іс қозғалған жоқ. Осылай деген Түркістан облысының полиция департаменті жоғалған қыздан хабар келгенде ғана тергеу басталатынын мәлімдеді.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды