885

«Ресейіңе кет»: Қостанайда такси жүргізушісін балағаттап, ұлтаралық араздықты қоздырған әйелге үкім шықты

Такси жүргізушісіне тіл тигізіп, ұлтаралық араздықты қоздырды деп айыпталған Құндызай Кенжетаеваға сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz жазды.

«Ресейіңе кет»: Қостанайда такси жүргізушісін балағаттап, ұлтаралық араздықты қоздырған әйелге үкім шықты
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 6 ақпанда ерлі-зайыпты қонақтан үйіне қайту үшін такси шақырады.

Мас жолаушылар мен такси жүргізушінің арасында дау туып, арты қақтығысқа ұласқан. Жүргізуші өзіне былапыт сөздерді жаудырған ерлі-зайыптыны видеоға түсіріп алған. Бейнежазба әлеуметтік желіде тарап кетті.

42 жастағы Құндызай Кенжетаева таксист Дмитрий Галкинге айтқан “Сен орыссың, өзіңнің Ресейіңе кет, орыс, м*л, о*****н. Еркек емессің, жолда өлесің” деген сөздері үшін сотталды.

Полиция болған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғады. Күні кеше сот айыпталушыға қатысты үкім шығарды. 

“Құндызай Кенжетаева қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігіне (Ұлтаралық араздықты қоздыру) сәйкес кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды”, – деп жазды Михаил Козачков өзінің Telegram арнасында.

Сотталушының кішкентай балаларының болуына байланысты ол жазасын 4 жылдан кейін өтейді. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор