«Бәрің шұбырып, не істеп жүрсіңдер?»: Бақыт Сәрсекбаев боксшыларды қатаң сынның астына алды

01.08.2024, 12:32
1136
«Бәрің шұбырып, не істеп жүрсіңдер?»: Бақыт Сәрсекбаев боксшыларды қатаң сынның астына алды бейнежазбадан алынған кадр

Бокстан Бейжің олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Париж олимпиадасында өнер көрсетіп жатқан боксшыларды сынның астына алды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бақыт Сәрсекбаев Париж Олимпиадасына аттанған құрамның дайындығына күмән келтіріп,  Instagram желісіндегі парақшасында боксшыларды сынның астына алды. 

“Жігіттердің физикасы өте нашар! Екінші раундта демалыстары қиындап, шаршы алаңда әрең жүр. Соққылары аз. Соққы комбинациясы тіпті аз. 3 минутта қанша соққы жаудыруға болады?! Физикасымен айналысуға арнайы шақыртылған маман қайда қарап жүр? Ғылыми топ қайда?

Неге біздің боксшылардың демі жетіспей жүр? Неге үш раунд аяқта тұра алмайды? Бәрің шұбырып, не істеп жүрсіңдер? Бір сұрақ: әрбір боксшы лицензия алғаннан олимпиадаға дейін неше кездесу өткізді? Тәжірибе бар ма? Мысалы, мен жарты жылдың ішінде 22 кездесу өткіздім. Бас бапкерге айтатын сөзім жоқ тіпті!", - деді Бейжің олимпиадасының чемпионы.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасындағы жүлдеден үмітті деген үш боксшымыз алғашқы айналымда жеңіліп қалғанын жазған едік. 

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды