«Дайындық төмен екені байқалып қалды»: Ермахан Ибраимов Олимпиададан жеңілген боксшылар туралы

Аиса Махамбет Редактор
03.08.2024, 19:02
1267
«Дайындық төмен екені байқалып қалды»: Ермахан Ибраимов Олимпиададан жеңілген боксшылар туралы ашық дереккөзден

Бақыт Сәрсекбаевтың ауыр сынына Ермахан Ибраимов жауап берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов Париж Олимпиадасындағы қазақ босшыларының психологиялық және физикалық дайындығы жайлы сөз етті. Ол бұл туралы nur.kz тілшісіне берген сұхбатында айтқан.

Ермахан аға, бокс – біздің Олимпиада ойындарында қоржынға алтын толтыратын халқымыздың оң жамбасына келетін спорт еді. Токиода өткен Олимпиадада тәуелсіздік алғалы алғаш рет алтынсыз қайттық. Биыл да боксшыларымыз бабында өнер көрсете алмай жатыр деген пікірді Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев айтты. Боксшыларымыз бабында ма?

– Осы жолы Олимпиадаға 10 боксшы жолдама алды. Жартысынан астамы жарыс жолын аяқтап қойды. «Әке – балаға сыншы». Мен өзім Олимпиада чемпионы болдым. Шынымды айтсам, «әттеген-ай» дейтін дүние көп. «Неге дұрыс тактика таңдамады?» деген ойларым болды. Мысалы, Асыланбекке туды ұстатып, көтере алмайтын жүк артқан сияқтымыз. Психологиялық тұрғыдан ауыр жүк артып қойған жоқпыз ба? Ту ұстамай шыққанда, өзін еркін сезініп, жақсы жұдырықтасар ма еді? Оның Иорданияның боксшысынан жеңіліп қалғаны мені қатты қапаландырды. Мен Асыланбек Шымбергенов Өзбекстан, Куба сияқты боксы дамыған елдерден жеңілсе, 3:2 есебімен, түсінер едім. «Ұтыламын» деп ұтылмаған шығар, дегенмен де тактикалық қате жібергенін мен көріп отырмын.

– Психологиялық және физикалық дайындықтарына қатысты не айтасыз? Көп сыналып жатыр.

– Мен өзім де осы Ұлттық Олимпиада комитетінің айналасында қызмет істеп жүрмін. Бірақ мен көбіне жасөспірімдерді дайындау жағындамын. Осы Олимпиадаға дайындық басталған кезде «мен де сол жерде болайын, Олимпиада чемпионы ретінде спортшыларға рух берейін» деп айтқан едім, басшылық тарапынан қолдау таппады. Бәлкім менің де пайдам тиер деген едім. Геннадий Головкин кетті ғой. Рух беріп жатқан шығар. Бірақ мен жарысты көріп отырып, спортшыларға рух беру, психологиялық қолдау аз болды ма деп қалдым. Бір сөзбен айтқанда, психологиялық тұрғыдан дайын емес.

Ал физикалық жағынан тағы бір Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев сынап жатыр екен. «Үш раунд бойы шыдамады» деп жатыр, мен физикалық жағынан дайын емес деп кесіп айта алмаймын. Бірақ физикалық дайындығы төмен болғаны байқалып қалды. «Жігіттер, мықтысыңдар!» деп арқасынан қағып, рухтандырып жіберу жетіспей қалған сияқты. Көзін жандырып жіберетін адам табылмады ма деп, өзімді «барғанымда ғой» деп кінәлап қойдым.

Мүмкін алдағы уақытта бізді Олимпиадаға баратындар қатарына қосатын шығар. Мысалы, бұрын Жақсылық Үшкемпіров ағамыз Олимпиадаларға баратын еді. Ол бізге бойтұмар сияқты әсер беретін. «Жігіттер, сендердің жанкүйеріңмін» деп күш беретін еді. Дегенмен әлі де сынға түсіп жатқан, шаршы алаңда жұдырықтасып жатқан боксшыларымыз бар ғой. Олардан көп үміт күтем. Алтын алып, барлық сын бос әңгіме болып қалса екен дейміз.

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол