Дзюдошылар елге оралды: оларды халық ыстық ықыласпен күтіп алды

05.08.2024, 09:18
993
Дзюдошылар елге оралды: оларды халық ыстық ықыласпен күтіп алды kaz.inform.kz

Олимпиада чемпиондары елге орала бастады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Франциядан Алматыға табан тіреген спортшыларды әуежайдан жанкүйерлері, туыстары, достары және БАҚ өкілдері ыстық ықыласпен қарсы алды. Бұл туралы Kazinform жазды.

Париж төрінде көк байрағымызды көкте желбіретіп, ел абыройын асқақтатып, дзюдо спортынан Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы атағын жеңіп алған Елдос Сметов, қола медаль иеленген Ғұсман Қырғызбаев сынды саңлақтармен қатар, дзюдодан өнер көрсеткен Қазақстан құрамасы мен бапкерлер жанкүйерлер алдынан жүріп өтті.

Еске салайық, Елдос Сметов соңғы үш Олимпиада ойындарына қатысып, бәрінен олжалы оралды. 2016 жылы Риода күміс жүлде жеңіп алса, Токио Олимпиадасын қола жүлдемен аяқтады. Осы жолы алтынын мойнына тақты.

Париж Олимпиада ойындарында қола медаль иегері атанған татами шебері Ғұсман Қырғызбаев қазақстандықтарға қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдірді.

«Алматы әуежайындағы атмосфера тамаша. Қазақ еліне рахмет. Алтын алам деп барғанмын. Бұйырғаны қола болды. Бар күш -жігерімді салдым. Бірақ қола алдым. Бәрі кереметі болды»,- деді Ғұсман Қырғызбаев.

Айта кетейік, Ғұсман Қырғызбаев – 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2019 және 2022 жылдары өткен Азия біріншіліктерінің қола медаль иегері.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды