«Сүйіншіңе жанымды жұлып берем»: Сәкен Майғазиев ұлына балалы болмай жүрген кездері туралы айтып берді (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
06.08.2024, 13:15
8084
«Сүйіншіңе жанымды жұлып берем»: Сәкен Майғазиев ұлына балалы болмай жүрген кездері туралы айтып берді (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Менің қиналғаным түк емес, Динараға 100 есе ауыр болды дейді әнші.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР Мәдениет қайраткері, «Музарт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев ұлы Әділетпен сырласып, перзентті бола алмай жүрген жылдарын еске алды.

Өнер иесі үлкен ұлдары Әділеттен кейін балалы бола алмай біраз қиналған. Қанша дәрігерге емделіп, денсаулықтарын қалпына келтіреміз деп бармаған жері, баспаған тауы жоқ. Осындай қиын қыстау күндерді есіне алған әнші 15 жылдың қалай өткенін айтып берді.

«Сенен кейін біз Раянаны 15 жыл күттік. Сенің бауырларың болғанын қаладық. Сенің бауырларың, іні-қарындастарың болса деп армандадық. Мен балалы болуды қалай қаласам, әйелім одан он есе қалады. «Неге бұлай болды, қашан?» деп түртпектеп, мазасын алған жоқпын. Алланың есебі солай болған шығар, сынағы деп айтудан қорқамын.

Біз Динара екеуміз бір-бірімізді қолдап жүрдік. «Әлі жаспыз, болады. Болмаған күнде де Әділетімізден көп ұрпақ тарайды, солардың қызығын көреміз» деп жүрдік. Сөйтіп уақыт-сәтімен анаңның құрсағына перзент біткен кезде өзімнің анама, сенің әжеңе сүйінші сұрап хабарластық.

«Анашым, Құдай қаласа тағы да немерелі боласыз» деп астарлап жеткізген кезде, анашым «Сүйіншіңе жанымды жұлып берейін бе?» деп қуанды. Ойлашы! Өзін құрбан етуге дайын болды ғой. Қарап отырсаң, ананың махаббаты өлшеусіз екен, ал Алланың махаббаты шексіз екен», - деді Сәкен Майғазиев.

 

«АстраЗенека» және Ұлттық ғылыми онкология орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Қазыбек Нөгербек алғаш рет классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО) Танымал актриса Әлия Әнуарбекке сырға салынды (ВИДЕО) «Қалаулым» қатысушысы өзін-өзі өртемек болды (ВИДЕО) Жетісу облысында 5 жасар қызды қағып өлтірген мас жүргізушіні сот босатып жіберген «Теңіздегі бес жұлдызды қонақүй»: Енді Каспий теңізінде круиздік лайнер қатынайды Шерзат Болаттың өліміне қатыс сот үкімі 5 маусымда шығарылады Зеленский Трамптан Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуді сұрады Өскеменде ер адамды өлтіріп, мәйітін аурухана маңына тастап кеткендер ұсталды