Демеу Жадыраев финалға шыққан сәтте тағы бір ауылда асфальт төселіп жатты (ВИДЕО)

07.08.2024, 10:35
3090
Демеу Жадыраев финалға шыққан сәтте тағы бір ауылда асфальт төселіп жатты (ВИДЕО) collage smartnews.kz

Олимпиаданың арқасында жолдарымыз жөнделіп келеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Демеу финалға шыққаннан-ақ оның көшесіне жол салынып жатты деп желі қолданушылары жазды.

Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанған соң Тараз қаласының әкімдігі спортшы тұратын көшеге асфальт төсегені желіде қызу талқыланған болатын. Бүгін бұл тақырып мемге айналып, қайта жалғасты.

Бүгін грек-рим күресінің балуаны Демеу Жадыраев (77 кг) финалда күреседі. Бұл жаңалыққа ерекше қуанғандардың бірі – 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев. Қазір Алматы облысы, Кеген ауданының әкімі Теңізбаев Instagram-парақшасында алдымен Жадыраевтың күресіне анонс берді. Сосын Кеген ауданындағы Ереуіл ауылында асфальт төселіп жатқан видеоны жүктеді.

Әрине, асфальт пен Олимпиаданың байланысы жоқ. Дегенмен, Демеу финалға шыққан соң, мұны қалжың деп түсінгендер көп.

Айта кетейік, Демеу Жадыраев Жетісу облысы, Панфилов ауданына қарасты Үшарал ауылында туған. Бірақ қазір ол Алматы облысының намысын қорғайды.

Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады