«Аяқтан шалды»: Демеу Жадыраевтың бапкерін шәкіртіне араша түскені үшін федерациядан қуып жіберген

07.08.2024, 15:58
8924
«Аяқтан шалды»: Демеу Жадыраевтың бапкерін шәкіртіне араша түскені үшін федерациядан қуып жіберген sportbugin.kz

Бапкер финалға шыққан шәкіртіне нұсқаулықты телефон арқылы беріп отырған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының финалына шыққан Демеу Жадыраевтың жеке бапкері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Боранбек Қоңыратов шәкіртінің қасында емес.

Өйткені ол биыл Алматы облысында өткен жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатында тәртіп бұзғаны үшін жазаға тартылған. Сол үшін жыл соңына дейін бапкерліктен шеттетіліп, Парижге де бара алмады. Финалға шыққан шәкіртіне нұсқаулықты тек телефон арқылы беріп отырды.

«Спортта жүргеніме қанша жыл болды. Мұндай жағдайларға үйреніп қалғам. Аяқтан шалу деген біз үшін үйреншікті жайт. Сол күнгі жағдайға оралар болсам, мен кілемге жүгіріп шығып, төрешіні ұрғаным жоқ. Бірақ төреші шешіміне риза еместігімді айтып, қастарына барғаным рас. Даусым қатты шығып, дөрекі сөйлегенімді де жасырмаймын. Өйткені, спорт – үлкен эмоция. Қаның қызып тұрғанда неше түрлі нәрсе айтуың да мүмкін. Оның үстіне, сенің шәкіртіңе қатысты әділетсіздік көрсетіп жатса, тіпті, ашуланасың. Менің балуаным күресіп жатқанда, қарсылас тарап челлендж сұрады. Сол кезде Игорь Лигай бастаған төрешілер қарсылас жақ сұраған сол сәттегі эпизодты қарамай, бір минут бұрын болған күресті көрсете бастады. Осы кезде мен мұның дұрыс еместігін айттым, қастарына бардым, эмоциямды жасыра алмадым. Содан соң, осындай шешім шықты», - дейді Боранбек Қоңыратов  Sportbugin.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Боранбек Қоңыратов (грек-рим күресі, Алматы облысы) 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін республикалық және халықаралық жарыстардан, сондай-ақ, жас ерекшелігінен тыс ұлттық құрама командалардың оқу-жаттығу жиындарынан шеттетілген.

«АстраЗенека» және Ұлттық ғылыми онкология орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Қазыбек Нөгербек алғаш рет классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО) Танымал актриса Әлия Әнуарбекке сырға салынды (ВИДЕО) «Қалаулым» қатысушысы өзін-өзі өртемек болды (ВИДЕО) Жетісу облысында 5 жасар қызды қағып өлтірген мас жүргізушіні сот босатып жіберген «Теңіздегі бес жұлдызды қонақүй»: Енді Каспий теңізінде круиздік лайнер қатынайды Шерзат Болаттың өліміне қатыс сот үкімі 5 маусымда шығарылады Зеленский Трамптан Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуді сұрады Өскеменде ер адамды өлтіріп, мәйітін аурухана маңына тастап кеткендер ұсталды