«Қынап тарылтып, қыздай етемін»: Желіде интим жаттығу жасап сынға ұшыраған сексологтар жұмысының маңыздылығын айтты

Аиса Махамбет Редактор
08.08.2024, 18:10
956
«Қынап тарылтып, қыздай етемін»: Желіде интим жаттығу жасап сынға ұшыраған сексологтар жұмысының маңыздылығын айтты бейнежазбадан алынған кадр

Жіберіп қоятын әйелдерге гимнастика арқылы көмектескен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде интим гимнастикамен айналысып, қынапты тарылтатын жаттығу істеп жатқан әйелдердің видеосы сынға ұшырады. Осы мәселе төңірегінде Stan.kz тілшісі сала мамандары мен қоғамға танымал азаматтардың пікірін сұрап көрді. 

Қоғамның қызу талқысына түскен даулы видео интим тренер, сертификатталған сексолог Қасымжанова Меруерттің кезекті оффлайн сабағынан үзінді екен. Бүгінде 20 мың қыз-келіншектің алғысын арқалап отырған маман, әйелдер денсаулығы мен гигиеналық мәселелеріне көңіл аудармаса, қатерлі ісіктің саны артады деп алаңдайды. 

“Жалпы интим гимнастика өте кеңінен таралып жатыр. Өйткені бұл – әйелдердің жанайқайы. Осыған дейін ішімізде сақтап, кімнен кеңес сұрарымызды білмедік. Енді ғана дамып жатқан сала. Жыл өткен сайын әйел адамның терісі салбырап, бұлшық еттері босай бастайды. Ол әйелдің гинекологиялық жағына да әсер етеді. Қынап төмен түсіп кетеді. Зәр ұстай алмау, жиі жел жіберіп қою секілді сырқаттарға душар болады. Маған келетін әйелдер тек 4-5 бала туған емес, бала көтере алмаса да, қынабынан мәселесі бар қыз-келіншектер де бар. Бала көтермеген әйелдің төменгі жағы дұрыс деп ойлау қате. Қарапайым Кегель жаттығуын білмейтін қаншама әйел бар?! Кеңес заманында бұл тақырыпта сөйлесу ұят еді. Сол заманда бойжеткен қыз-келіншектердің де түсінігі басқа. Олар “ұят болады” деген шеңберге салып қояды. Мәскеуге оқуға барғанымда, ол жақтың кейбір әйелдерінің де таным-түсінігі осы деңгейде екенін байқадым. Менің ойымша, білмеу, ақпарат алмау – ұят”, – дейді интим тренер Меруерт Қасымжанова.

Сертификатталған маман интим гимнастикаға кәсіби тұрғыда анықтама беріп, тек төсек қатынасын ғана қарастырмайтынын айтты.

“Интим гимнастика дегеніміз тек төсек қатынасы емес. Ол – әйелдің денсаулығы. Жатыр – екінші жүрегіміз. Статистикаға сүйенсек, еліміз әйелдердегі қатерлі ісік дерті бойынша ондыққа кіреді. Бұл жақсы көрсеткіш емес. Міне, осы жағдайлардың алдын алу үшін әрбір әйел интим гимнастикамен айналысқаны дұрыс. Бізге сұраныс болғасын көбірек курс, сабақ өткіземіз. Ашық түрде қоғам болып талқылайтын тақырыптан ешкімнің қашпағаны жөн. Біз мәселені көріп тұрып, бір бұрышқа “ұят болады” деп жауып қоя алмаймыз. Мәселені тыққаннан ешқашан шешілмейді. Ауқымды түрде үлкен аудиторияға түсіндірген дұрыс”, – дейді интим тренер. 

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады