«Жынысын сұраған»: биік өкшемен би билеген павлодарлық жігіттің үйіне полиция барды

Аиса Махамбет Редактор
10.08.2024, 20:30
902
«Жынысын сұраған»: биік өкшемен би билеген павлодарлық жігіттің үйіне полиция барды бейнежазбадан алынған кадр

Аман Әубәкіровті ЛГБТ-ны тіке насихаттау мақсатында билеген деген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 9 тамызда кешке Павлодарда жарнамалық роликте биік өкшемен би билеген Аман Әубәкіровтің үйіне полиция барды. Бұл жөнінде Власть сайты жазды. Бишінің сөзінше, полицейлер одан жынысын сұраған.

Полицейлер жергілікті пабликте жарияланған видеоның астына жазылған "теріс пікірлерге" реакция білдірген. Әубәкіровтің сөзінше, полицейлер оған түсініктеме жазғызып, келесі аптада "профилактикалық әңгімеге" шақырған.

"Видео пабликте жарияланып, оған "бұл жақсы жарнама емес және бұл ЛГБТ-ны тіке насихаттау" деген мазмұнда көп комментарий жазылған. Сол себепті полиция мұны елеусіз қалдыра алмаған сияқты" деп жазды Әубәкіров әлеуметтік желіде.

Павлодардағы Tauan қоры Әубәкіровке адвокат тапқанын хабарлады. Қор өкілдері Адам құқығын қорғау бюросымен бірге Әубәкіровке заңгерлік көмек көрсететінін айтты.

Tauan өкілі Евгений Хабаров Азаттыққа полицейлер Әубәкіровке "қоғамдық тәртіпті бұзды" деген айып тағайын деп отырғанын айтты. Хабаровтың сөзінше, әуелі бишіге учаскелік инспектор хабарласқан, ізінше би студиясына екі полицей келіп, "ЛГБТ-ны насихаттау мақсатында видео түсірілмеді" деп түсініктеме жазып беруді талап еткен.

Қазақстан заңнамасында азаматтардың қандай киім кию керектігі немесе би билеуі керектігі жөнінде норма жоқ.

Жуырда мәдениет министрлігі "ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуға" шақыратын петицияны ішінара қолдаған және министрліктің жартылай мақұлдауы қазақстандықтарды сыртқы киіміне орай жауапқа тартуды қарастырмайды деп жазды басылым.

Павлодар полициясы әзірге түсініктеме бермеген.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады