«Ескі қалдықтардан құтылу оңай емес»: Бақыт Сәрсекбаев өзін бас бапкер қызметіне ұсынғанын айтты (ФОТО)

14.08.2024, 09:38
5526
«Ескі қалдықтардан құтылу оңай емес»: Бақыт Сәрсекбаев өзін бас бапкер қызметіне ұсынғанын айтты (ФОТО) жеке парақшасынан

Мен жазсам, біреудің орнын тартып алайын деп жатыр деп ойбайлайды дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бейжің Олимпиадасының чемпионы, боксшы Бақыт Сәрсекбаев спорттағы былық туралы ойын айтты. Бұған дейін БАҚ-та Бақыт Сәрсекбаев пен Тұрсынғали Еділовті бас бапкерлікке тағайындау туралы ұсыныстар тараған еді.

Чемпион өзін бас бапкер лауазымына ұсынғандарға алғысын айтып, бұл қызметтегі шаруа оңай емесін жеткізді.

«Ағайын, мені қолдап, бокс басшылығына шақырып жатқандарыңызға үлкен рақмет! Мен бокс туралы жазсам, біреудің орнын тартып алайын деп жатыр деп ойбайлайтын хейтерларыма да рақмет! Жазғаным жазған, қоймаймын айта беремін. Қазақ боксы басшысыз қалмас, Айтжанов кетсе Сатжанов келер... Дәл қазір бокс тізгінін алуға кім келсе де, ол кісіге оңай болмасы анық. Мырзекең светін өшіріп, есігін жауып кеткен боксты қайта жандандыруға өте көп күш қажет. Жаңа команда жасақтап, ескі қалдықтардан құтылу да оңай емес. Не де болса қажымас қайрат, үлкен сәттілік тілейік жаңа басшыға!», – деп жазды Бақыт Сәрсекбаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Олимпиада чемпионы бұған дейін қазақ боксшыларының физикалық дайындығын сынаған болатын.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды