«Келініме дейін мүгедектігі бар тұлға»: Айына 20 миллион теңге табатын жас кәсіпкер отбасын айтып, жылап қалды

Аиса Махамбет Редактор
20.08.2024, 11:55
2906
«Келініме дейін мүгедектігі бар тұлға»: Айына 20 миллион теңге табатын жас кәсіпкер отбасын айтып, жылап қалды жеке мұрағатынан

Үй тазалап жүріп, үлкен компанияның директоры болған кәсіпкер, блогер Нұрхан Нұрмаханбет не үшін көп табысқа жеткісі келетінін жасырмады. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 21 жасында кәсіп ашып, айына 20 миллион тауып отырған жас кәсіпкердің мақсаты – жақындарына көмектесу екен. 

“Жасыл алжапқышты тағып алып, біреудің дәретханасын тазалап, үйін жинап беруден ұялмаймын. Адал кәсіппен, маңдай теріммен еңбегімнің ақысын алып отырмын. Әлеуметтік желіде де белсендімін. Жұмысымды көрсету үшін ол жаққа да шығып тұруға тура келеді. Менің табысты болуымның мақсаты – жақындарыма көмектесу. Атам мен әжем – мүгедектігі бар жандар. Тіпті келінімнің де денсаулығы жоқ, ол да мүгедектігі бар тұлға. Соларға көмектесу үшін де көп табыс тапқым келеді. Інілерім мен бауырларымды да жоқшылықта өсіргім келмейді. 800 теңге үшін мейрамхананың ыдысын жуып, еденіне дейін тазалап кеткен кездерім болды”, – деп толқыды кәсіпкер жігіт. 

Сонымен қатар бүгінде 200-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отырғанын да айтқан еді. 

“Тек үй тазалауға ғана шықпаймыз. Бизнес орталықтарынан да, ауруханалардан да ұсыныс түседі. Үлкен ғимараттарды да тазалауды қолға алып жатырмыз. Қазіргі кезде командамда 130-ға жуық қыздар істейді. Одан бөлек 40 ер бала істейді. Олар химиялық тазалау жүргізеді. Сонда 200-ге жуық адамға жұмыс беріп отырмын. Астанадан бізге көп ұсыныс түседі. Сондықтан осы жақтан ашылып жатырмыз. Құрылыс компаниялары да көп, өнер жұлдыздарының жартысы да осы жерде ғой. Қазіргі кезде штат көбейді, табысымыз артты. Орта есеппен алғанда айына 20 миллион табыс табамын”, – деген еді жас кәсіпкер.

«Біз жарақатты бірден таңдық»: ұландықтар ер адамның өмірін сақтап қалды Су бар, бірақ жүйе қайда? Астанада Аutism Talks жыл сайынғы кездесу өтті «Енді Rolls-Royce алып береді»: Динара Сәтжан жаңа күйеуінің өзін қалай еркелететінін айтып берді Шымкентте бір топ еркек құлағы естімейтін қызды тапшанда зорлап, соны видеоға түсірген «Сүйеу болар әкең жоқ»: Меруерт Түсіпбаева IELTS-тан жоғары балл жинаған Мақпал Жүнісованың қызын үлгі етті Тұрсын Алагөзов өз қызметкерлеріне қымбат көліктер сыйлады (ВИДЕО) «Ақталғым келмейді»: актер өз әйелін ұрғанын мойындап, оның ата-анасынан кешірім сұрады (ВИДЕО) Декретке миллионмен шыққан 113 әйел сотталмақ Үкімет зейнеткерлердің несиесі кешірілсін деген талапқа жауап қайтарды Ақтөбеде ер адам трансформаторлар ұрлаған «4 машина, 4 пәтер, ғимарат»: Перизат Қайрат миллиардты қайда жұмсағаны туралы тізім жасалды «Анасы адвокат болғасын қорықтым»: танымал әнші Say Mo бұрынғы актер күйеуінен зорлық көргенін жайып салды «Құдайдан қыз болып оянуымды тіледім»: Атышулы Амилай балалық шағынан сыр шертті Журналист Сәуле Әбілдаханқызының қандастар «елді сатып кетеді» деген жазбасын полиция тексеріп жатыр «Екі жыл бұрын ажырасып кетті»: Динара Сәтжан жолдасымен некесін қиды Ақтөбеде марқұмның туыстары ағасын рұқсатсыз жерлеген екі ведомстводан өтемақы талап етті Әйелін бірнеше жыл сабаған дипломат Сәкен Мамаш Астанада тұтқындалды «Мектепте «мини юбка» киген қыздар жүкті болып жатыр»: Атышулы блогер мектепте орамалды рұқсат етпейтін заңға ренжіді Танымал актер әйеліне лифтіде шабуыл жасағаны үшін түсірілім алаңынан қуылды (ВИДЕО)