Күйеуі өртеп жіберген әйел 1,5 жылдан кейін ғана жәбірленуші деп танылды

Аиса Махамбет Редактор
22.08.2024, 17:52
1147
Күйеуі өртеп жіберген әйел 1,5 жылдан кейін ғана жәбірленуші деп танылды бейнежазбадан алынған кадр

Күйеуі өртеп жіберген Индира Тергеубаева жәбірленуші деп танылды. Мұны оның адвокаты Айнара Айдарханова мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Индира Тергеубаеваның бұрынғы күйеуі оның өміріне бірнеше рет қастандық жасағандықтан, әйел сотқа бұрынғы күйеуін депортациялау туралы арыз беріп, сот бірінші отырыста оны елден шығару туралы шешім қабылдады.

Сот шешіміне сәйкес, сонау 2021 жылы ер адам 15 күн ішінде елден кетуі керек еді. Алайда үкімі орындалмай, ер адам бір күні әйелін өлтірмек болыпты. Бірақ оны ешкім қадағаламай, соңында ол әйелді өртеп жіберді.

"Ол дүкенге кіріп, өзімен бірге 40 литр бензин, атыс қаруы, екі тапанша, үлкен пышақ пен оттық алып келген. Ол бүкіл дүкенге және маған бензин құйып, оттықты қосты. Жарылыс болды, ол сол жерде мерт болды, мен өте ауыр күйік алдым. Жақында тоғызыншы күрделі ота жасалды", – деді әйел.

Индира бұл қайғылы оқиғаға сот шешімін бірден орындамай, бұрынғы күйеуін елден шығармаған көші-қон полицейлері  мен қайғылы ооның арызына шара қолданбаған жергілікті полиция қызметкерлері кінәлі деп санайды. Алайда Индира Тергеубаева бұл іс бойынша бір жарым жылдан астам уақыт жәбірленуші ретінде танылмады.

"2021 жылдың желтоқсанынан бері Индираның өзі кінәлі сияқты жүрді... Оған көптеген ота жасалды, терісі трансплантацияланды, саусақтарына инелер салынды. Оның сыртқы келбеті қатты зардап шекті. Неліктен? Өйткені көші-қон полициясы Боприевті депортациялауды ұмытып кеткен. Индира тіпті президент кеңесшісімен кездескен. Ол жеке пикет өткізді. Ал бүгін ғана ол жәбірленуші ретінде танылды”, – деді “Немолчи” қорының жетекшісі Дина Смаилова.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады