Марат Әйтенов бұрынғы әйелін сотқа беріп, жеңіп шықты

Аиса Махамбет Редактор
23.08.2024, 19:16
915
Марат Әйтенов бұрынғы әйелін сотқа беріп, жеңіп шықты бейнежазбадан алынған кадр

Сот Дана Әтешоваға қатысты үкім шығарды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, сот Марат Әйтеновтің бұрынғы әйелі Дана Әтешоваға денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін айыппұл түріндегі жаза тағайындады.

23 тамызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін Дана Әтешоваға қатысты үкім шығарды (ҚК 108-1-бабының 1-бөлігі).

Әтешова оны мәжбүрлеп шығару процесі барысында үй иесіне қарсылық көрсетіп, Әйтеновті үйге кіргізбей, жәбірленушіні қасақана ұялы телефонымен соғып, оны тістеп алған. Прокурор 30 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындауды сұрады.

Ал қорғаушы тарап оқиға мен қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.

ҚК-нің 108-1-бабы 1-бөлігінің санкциясы 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу түріндегі жазаны көздейді.

Жасалған теріс қылықтың мән-жайларын және оның ауырлығын ескере отырып, сондай-ақ сотталушының жеке кәсіпкер болып табылатынын, оның асырауында 3 жас баласының бар екенін және жазаның өзге түрін тағайындау оның балаларының өмірі мен тәрбиесі жағдайларына әсер етуі мүмкін екенін ескере отырып, сот сотталушы Әтешоваға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді