1533

«Үшіншісін жоспарлап отырмыз»: Мақпал Исабекова жеке өмірі туралы айтты

Мақпал Исабекова күйеуімен қайта қосылған.

«Үшіншісін жоспарлап отырмыз»: Мақпал Исабекова жеке өмірі туралы айтты
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Мақпал Исабекова желіде оқырмандарымен тілдесіп, жеке өміріне қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді. Өнер иесі тұрмысқа шықпаған аруларға ақыл-кеңесін берді. 

Мақпал Исабекова Instagram-дағы парақшасында сұрақ-жауап ашып, оқырмандарымен сырласты.

Желі қолданушыларының бірі шоу-бизнес жұлдызының отбасылық өмірі туралы сөз қозғап, күйеуімен ажырасып кеткені рас па екенін білмек болды.

"Жоқ, үшіншісін туайық деп жатырмыз", - деп жауап берді әнші.

Оған қоса оқырмандардың бірі Исабековадан балаларының ұлты қандай екенін сұрады. Өнер иесі "әр түрлі" деп қысқа жауап қатты.

Сонымен қатар шоу-бизнес жұлдызы тұрмысқа шықпаған қыздарға кеңес берді.

"Қыздар, мойымаңыздар. Бәрін де үлгересіздер. Тұрмысқа да шығасыңдар, баланы да туасыңдар, шаршайсыңдар. Өмірден рахат алып, дамып, саяхаттаңыздар. Бәрі өз уақытымен", - деп жазды ол.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор