«2 миллионға алданған»: Ләйлә Сұлтанқызы үй аламын деп алданып қалған қарт кісінің оқиғасын айтты

Аиса Махамбет Редактор
29.08.2024, 13:49
1129
«2 миллионға алданған»: Ләйлә Сұлтанқызы үй аламын деп алданып қалған қарт кісінің оқиғасын айтты жеке мұрағатынан

Журналист, продюсер Ләйлә Сұлтанқызы тұрғын үй алуға қатысты алаяқтық көбейгенін айтып, дабыл қақты. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, БАҚ өкілі бастапқы жарнасын ғана төлеп үй аламын деп алданып қалған әжейдің оқиғасын баяндады. 

“2 миллионға алданған апам-ай. Бұл – алдаудың жаңарған ескі түрі. Таныс апам бала-шағасына айтпай, 1 жыл көлемінде бір компанияға арасында 70мың-150 мың арасында ақша салып жүріпті. "Үй ұтып алу мүмкіндігі бар" деп арбаған.  Осыдан шамамен екі апта бұрын әлгі компанияның өкілі хабарласып, "сіз үй ұтып алдыңыз" деп, құрылысы күшті 4 бөлмелі үйдің видеосын жіберген ғой. "Әй, осыған дейін қайда болдыңдар?" десе, "Компанияның бастығы өліп қалып, банкрот болды. Соны жаңа бастық сатып алып, розыгрышты қайта жасап жатыр" депті. Ой, бұл бергі жағы. Бір кезде не аты, не заты жоқ ауызекі тілде жазылған "келісімшарт" жіберген. Ол жерде әлгі квартира 70 миллион теңге тұрады екен. 10 пайыз салығын компания өзі төлейді екен-мыс. Апамыз тек 232450 теңге ғана төлеу керек. Әлі қызық алда”, – деп бастады әңгімесін журналист. 

Ләйлә Сұлтанқызының айтуынша, әжей балаларының сөзін тыңдамай 2 миллион теңгедей ақшаны алаяқтарға аударып жіберген. 

“Апамыз балаларының "өтірік" деген сөзін тыңдамай, тағы ақша аударды. Бір жағынан ол кісіні де түсінуге болады. Жасы 76-да, біреу хабарласып, "апа, үй ұттыңыз. Астанаға келесіз, билетін өзіміз алып береміз" деп әбден іші-бауырына кірген. Оның үстіне менеджердің аты Ислам болса… Енді не үй, не ақша жоқ. Бірақ, апа әлі сенеді. Ауылда бәріміздің аға-жеңге, апа-жезде, ата-әжеміз бар ғой. Бір хабарласып, қал сұрап қойсаңыздар екен. Бұл оқиғаны да бөлісейік. Біреудің ақшасы қалтасында қалар бәлкім…", – деп ескерту жасады журналист. 

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады