«Көзден жас бұрқ етті»: Жұлдыз Әбдікәрімова 11-сынып оқитын қызын айтып, жылап қалды

Аиса Махамбет Редактор
04.09.2024, 10:48
4270
«Көзден жас бұрқ етті»: Жұлдыз Әбдікәрімова 11-сынып оқитын қызын айтып, жылап қалды жеке мұрағатынан

Танымал актриса, продюсер Жұлдыз Әбдікәрімова тұңғышының 11-сынып оқығанын көріп, жылап қалды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі жаңа оқу жылында әсерлі жазба жариялап, мектепке баратын оқушыларға сәттілік тіледі. 

“Мидағы сан түрлі ойды арқалап, мектепке қарай қадамымды алшаң басып келемін. Әдеттегідей, қазір 1-қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиын (линейка) өтеді. Сосын ұстаздарды құттықтап, сынып сағатына қатысамыз да қайтамыз деген ойдан басқа баста дым жоқ) Күн суық, бұлт төнеріп тұр. Сезім 11-СЫНЫП оқушысы. Маған қарап, күлімдеп тұрған бойжеткен қыз – менің Сезімім. Уақыт қалай тез зымыраған? 1-сыныптан кейінгі он жыл қалай тез зырғып өткен?! Менің санам сені 11- сынып оқушысы ретінде қабылдауға дайын емес екен. Көзден жас бұрқ етті”, – деп жазды актриса. 

Одан кейін өнер иесі қызына қолдау білдіріп, сәттілік тіледі. 

“Қызым, мен сені Жаратқанның разылығы үшін, жандүниеммен жақсы көремін! Жолың ақ, өмірің мәнді, өрең биік болсын деп, қайталай бердім. Тамағыма келіп тығылған өксік не ары, не бері кетер емес… Осы күнге дейін санам, деңгейім, күшім, қауқарым жеткенше өзіңе жол-жөн көрсетуге тырысып келемін. Үнемі қолдауға, қорғауға бармын”, – деп тілек білдірді кинопродюсер. 

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады