Қызылордада қыздарға араша түскен жігітті пышақтап кетті
42 жастағы мас ер адам екі қызға тиіскен көрінеді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қызылорда қаласында бойжеткендерді қорғамақ болған жігіт пышақ жарақатын алды. Оқиға 20 қараша күні кешкі уақытта «Құлагер» шағын ауданында болған. Бұл туралы Криминальный Казахстан Telegram-арнасы жазды.
Telegram-арналарда тараған ақпаратқа сәйкес, 1984 жылы туған ер адам мас күйінде екі қызға тиісіп, мазасын алған. Оларға араша түскен жас жігіт пышақталды.
Қазіргі таңда зардап шеккен азамат ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер оның есін жиғанын хабарлады.
Қызылорда облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ізін суытпай қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу органдары 42 жастағы қала тұрғынының сот санкциясымен қамауға алынғанын нақтылады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр және іс облыстық полицияның бақылауында.
Материал авторы