Дима Билан Алматыдағы концертінен кейін көрермендерге алғыс айтты
Әншінің Алматыдағы жеке концертіне билеттер толықтай сатылып кеткен.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Дима Билан Алматыдағы жеке концертінен кейін қала тұрғындарына алғысын білдірді. 22 қарашада Almaty Arena сахнасында өткен шоу толықтай солд-аутпен аяқталды.
Әнші көрермендерге жанды дауыстағы өнері, хореографиясы және сахнадағы ерекше қойылымдары үшін ризашылығын жеткізді.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында алматылықтардың жылы қабылдауы мен ерекше энергиясын жоғары бағалап, адамдар арасындағы рухани байланыстың маңыздылығын атап өтті.
Концертке келген жанкүйерлер де өз кезегінде әншінің өнеріне тәнті болғанын жарыса жазды.
Олар әртістің энергиясын, сахнадағы жанқиярлық еңбегін және екі сағатқа созылған жанды дауыстағы концерттің жоғары деңгейде өткенін тілге тиек етті.
Материал авторы