Атырауда автобус жетінші сынып оқушысын қағып кетті
Жетінші сынып оқушысы жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан кезде көлік астына түскен.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда жолаушылар автобусы жаяу жүргіншілер өткелінде оқушы қызды қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан автобустағы екі жолаушы да зардап шекті. Бұл туралы Ақ Жайық басылымы жазды.
Оқиға 19 қараша күні сағат 12:10 шамасында Азаттық даңғылындағы «Сауда базасы» аялдамасының маңында болды. Куәгерлердің айтуынша, №64 бағыттағы автобус жолдан өтіп бара жатқан жетінші сынып оқушысын қағып кеткен.
Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Yutong маркалы автобуста болған екі жолаушы да медициналық көмекке жүгінген. Қазіргі таңда зардап шеккендердің барлығына тиісті дәрігерлік тексерулер жүргізіліп жатыр.
Материал авторы