Қостанай облысында қасқыр ауыл тұрғынына шабуылдады
Ауылға кірген қасқыр 48 жастағы ер адамды жаралады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанай облысы Жангелді ауданы Ақкөл ауылында қасқыр елді мекенге кіріп, 48 жастағы ер адамға шабуыл жасады.
Оқиға 22 қараша күні кешкі уақытта болған. Жергілікті тұрғындар айқайды естіп, көмекке жүгірген. Олар ер адамды жыртқыштың тырнағынан арашалап қалып, қасқырды өлтірген.
Зардап шеккен азамат алдымен аудандық ауруханаға жеткізіліп, кейін Арқалық қаласындағы стационарға ауыстырылды.
Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1978 жылы туған ер адамның жағдайы қазір орташа ауыр деп бағаланып отыр. Ол дәрігерлердің бақылауында және қажетті медициналық көмекті толық көлемде алып жатыр.
Материал авторы