67

Лионель Месси қарсыласының бетіне доп лақтырғаны үшін сынға ұшырады

Бас төреші екі ойыншыға да сары қағаз көрсетумен шектелді.

Лионель Месси қарсыласының бетіне доп лақтырғаны үшін сынға ұшырады
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Лионель Месси MLS Кубогының плей-офф кезеңіндегі ойын кезінде қарсыласының бетіне доп лақтырғаны үшін сынға қалды.

Оқиға «Интер Майами» мен «Коламбус Крю» арасындағы кездесудің бірінші таймына қосылған уақытта орын алды. Месси ауттан допты ойынға қосуға дайындалып жатқанда, қарсылас команданың шабуылшысы Гонсало Тапия оның алдына тұрып қалған. Аргентиналық футболшы допты Тапияның бетіне қарай лақтырып жіберді, нәтижесінде қарсыласы жерге құлады.

Бас төреші Аллен Чэпмен бұл әрекет үшін екі ойыншыға да сары қағаз көрсетті. Төреші өз шешімін доп лақтыру күшінің аз болғанымен түсіндірді.

«Коламбус Крю» командасының бас бапкері Лоран Куртуа Мессиге тек сары қағаз берілгеніне келіспейтінін білдірді. Оның айтуынша, аргентиналық жұлдыз бұдан да қатаң жазаға лайық болған.

Аталған кездесу «Интер Майамидің» 0:3 есебімен жеңілуімен аяқталды. Енді серияның екінші матчы 27 қарашада өтеді. Егер «Интер Майами» тағы да жеңіліс тапса, турнирден шығып қалады.

Материал авторы