65

Астанада автобус контроллері жолаушыға күш көрсетті деген айып тағылды

Әлеуметтік желіде тараған видеода әйел телефонын бақылаушы тартып алмақ болғанын жеткізді.

Астанада автобус контроллері жолаушыға күш көрсетті деген айып тағылды
threads.com/@or.orme

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана тұрғыны қоғамдық көліктегі бақылаушының өзіне күш қолданғанын мәлімдеді. Әлеуметтік желіде тараған видеода жолаушы әйел бақылаушылардың дөрекі әрекетіне шағымданып, жанжал кезінде қызметкердің телефонын тартып алмақ болғанын және қолын зақымдағанын айтқан.

Видео авторының сөзінше, қоғамдық көлік қызметкерлері жолаушыларға, оның ішінде кәмелетке толмағандарға жиі дөрекілік танытып, оқушыларға моральдық қысым көрсетеді. Жәбірленушінің айтуынша, бақылаушы оның қолын қатты қысып, жұлқылауының салдарынан тырнағы зақымданып, денесінде із қалған.

Оқиғаға қатысты «Байқоңыр» ауданының полиция басқармасы тексеру жүргізді. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, аталған факт бойынша профилактикалық шаралар қолданылып, қызметкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қазақстан заңнамасына сәйкес, жол жүру ақысын төлемегені үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 622-бабы бойынша 2 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. Алайда бақылаушылардың айыппұлды өз бетінше өндіріп алуға құқығы жоқ, олар тек ережелерді түсіндіріп, құжаттарды полицияға тапсыруы тиіс.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор