Тұман, көктайғақ және қатты жел: Қазақстанда ауа райы құбылады
«Қазгидромет» 24 қарашада бірнеше өңірде қатты жауын-шашын болатынын ескертті.
Қазақстанның барлық облысы мен Астанада 24 қарашаға дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер елдің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болатынын, кей жерлерде жаңбыр мен қар жауатынын болжайды. Оңтүстікте, шығыста және орталықта жауын-шашын күшейеді.
Астана мен Ақмола облысы
Астанада түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында түнде жаңбыр мен қар қатты жауады. Батысында, солтүстігі мен шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз солтүстігі мен шығысында солтүстік-батыстан және батыстан соққан желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Көкшетауда түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысы
Облыста жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі және көктайғақ болады. Күндіз батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде батыстан және оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Петропавлда жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі және көктайғақ болады.
Қостанай облысы
Облыстың батысында, солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі және көктайғақ болады. Күндіз батысы мен солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Қостанайда таңертең және күндіз жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі.
Павлодар облысы
Облыста жауын-шашын, негізінен жаңбыр күтіледі. Түнде батысында, солтүстігі мен орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыстан соққан желдің күндіз оңтүстігінде, шығысы мен орталығында екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Павлодарда жауын-шашын, негізінен жаңбыр жауады. Түнде тұман түседі. Батыстан соққан желдің күндізгі екпіні секундына 15–20 метр болады.
Қарағанды облысы
Түнде облыста жауын-шашын жауып, батысында кей уақытта қатты жаңбыр болады. Күндіз солтүстігінде аздаған жауын-шашын, оңтүстігі мен шығысында негізінен жаңбыр күтіледі. Батысында, солтүстігі мен шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде оңтүстік-батыстан және батыстан соққан желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Қарағандыда түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан және батыстан соққан желдің таңертең және күндізгі екпіні секундына 15 метр болады.
Ұлытау облысы
Облыстың батысында, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Таңертең және күндіз шығысында солтүстік-батыстан және батыстан соққан желдің екпіні секундына 15–18 метрге жетеді.
Жезқазғанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысы
Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен қар жауады. Күндіз жаңбыр жауып, солтүстігі мен таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын болады. Түнде және таңертең солтүстігінде тұман түседі.
Түнде батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде оңтүстіктен және оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетіп, кей уақытта секундына 25 метр болады. Күндіз жел екпіні секундына 15–20 метрге, солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде секундына 24–29 метрге дейін күшейеді.
Өскеменде күндіз кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Оңтүстіктен және оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15–20 метрге, кей уақытта 25 метрге жетеді.
Абай облысы
Түнде облыстың батысында, солтүстігі мен орталығында жаңбыр жауады. Күндіз жаңбыр жауып, оңтүстігі мен орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, солтүстігінде, оңтүстігі мен орталығында екпіні секундына 24–29 метрге жетеді.
Семейде оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады. Жел екпіні секундына 15–20 метрге, кей уақытта 25 метрге жетеді.
Алматы облысы
Күндіз облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр жауып, кей уақытта қатты болады. Солтүстігінде, оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман түседі. Батыстан соққан желдің екпіні секундына 18–23 метрге жетеді.
Қонаевта батыстан соққан желдің екпіні кей уақытта секундына 18 метр болады.
Іле Алатауының тауларында, соның ішінде Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында күндіз жаңбыр жауып, кей уақытта қатты болады. Батыстан соққан желдің екпіні секундына 18–23 метрге жетеді.
Жетісу облысы
Күндіз таулы аудандарда жаңбыр мен қар жауып, кей уақытта қатты болады. Облыстың шығысы мен таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Жамбыл облысы
Күндіз таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады. Оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында екпіні секундына 15–20 метрге, кей жерлерде 23–28 метрге жетеді.
Таразда оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Түнде және таңертең жел екпіні секундына 15–20 метрге, кей уақытта 23 метрге жетеді.
Түркістан облысы
Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. Солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Шымкентте кей уақытта тұман түседі. Түнде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15–20 метр болады. Түркістанда түнде және таңертең тұман түсіп, түнде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Қызылорда облысы
Облыстың солтүстігі мен орталығында тұман түседі. Қызылордада кей уақытта тұман болады.
Ақтөбе облысы
Түнде облыстың батысында, солтүстігі мен шығысында жауын-шашын, негізінен жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең солтүстігінде, батысы мен оңтүстігінде тұман түседі.
Атырау облысы
Түнде және таңертең облыстың солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел күндіз оңтүстік-шығысқа ауысып, екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Атырауда түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел күндіз оңтүстік-шығысқа ауысып, екпіні секундына 15–18 метрге жетеді.
Маңғыстау облысы
Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысы мен орталығында тұман түседі. Батысында, оңтүстігі мен орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15–20 метрге, күндіз кей уақытта 23 метрге жетеді.
Ақтауда оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, екпіні 15–20 метр болады. Күндіз кей уақытта екпіні секундына 23 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысы
Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар жауады. Түнде және таңертең батысында, солтүстігі мен шығысында көктайғақ болып, тұман түседі. Күндіз батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысып, екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Оралда түнде және таңертең көктайғақ болып, тұман түседі. Күндіз батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысып, екпіні секундына 15–20 метр болады.
Материал авторы