84

Шымкентте кафе күзетшілері мен келушілер жаппай төбелесті

Күдіктілердің бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жалғасып жатыр.

Шымкентте кафе күзетшілері мен келушілер жаппай төбелесті
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте жергілікті кафелердің бірінің маңында күзетшілер мен келушілер арасында жанжал туындап, арты төбелеске ұласқан. Оқиғаға қатысқандардың барлығы полицияға жеткізілді.

Полицияның баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға өткен аптада болған. Осы дерек бойынша бұзақылық бабымен қылмыстық іс қозғалды.

«Жергілікті кафелердің бірінің келушілері мен күзет қызметкерлері арасында жанжал туындап, арты төбелеске ұласқаны анықталды. Оқиғаға қатысқандардың барлығы анықталып, полицияға жеткізілді», – делінген департамент хабарламасында.

Күдіктілердің бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Материал авторы