Ақтөбе облысында алаяқтар субсидиялауға бөлінген 1 миллиард теңгені жымқырған

05.09.2024, 13:05
1257
Ақтөбе облысында алаяқтар субсидиялауға бөлінген 1 миллиард теңгені жымқырған freepik.com

Ақтөбе облысында 4 шаруа қожалығының өкілдері алаяқтық жасап, аграрлық-өнеркәсіптік кешенді субсидиялауға бөлінген 1 млрд теңгені жымқырды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қаржылық мониторинг агенттігі "Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Ақтөбе филиалынан несие алу кезіндегі алаяқтық фактілерін анықтады.

“Тергеу барысында 4 шаруа қожалығының өкілдері жалған құжаттарды пайдалана отырып, асыл тұқымды ірі қара мал сатып алуға бөлінген мемлекеттік субсидиялар мен кредиттік қаражатты жымқырған үш азамат анықталды. Мемлекетке жалпы сомасы 1 млрд теңгеге жуық ірі мөлшерде залал келтірілді”, – делінген хабарламада.

Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу барысында залал өтелді. Алаяқтық жасағаны үшін үш күдікті сот үкімімен 5 жылға сотталды. Сотталушылардың жылжымалы және жылжымайтын мүліктері мемлекет пайдасына тәркіленді.

Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау аясында Қаржылық мониторинг агенттігі АӨК саласын дамытуға бөлінетін субсидиялар мен кредиттік қаражаттардың орынды жұмсалуына тұрақты түрде мониторинг жүргізіп жатыр. Бұл жұмыс адал кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады