1255

«Әрқайсысына 180 мың теңге»: Оңтүстік Кореяда кездесуге барған жұптарға ақша төленеді

Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында кездесуге барған жұптарға ақша төленеді. Бұл туралы 24.kz арнасы мәлімдеді.

«Әрқайсысына 180 мың теңге»: Оңтүстік Кореяда кездесуге барған жұптарға ақша төленеді
pixabay.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Оңтүстік Корея демографиясын көтеру үшін жалғыз адамдарға жеңілдіктер жасай бастады.

Жергілікті билік отау құрмай жалғыз жүрген адамдардың үйлі болуын қолдап, елдегі туу көрсеткішін көтеру мақсатында осындай шаралар қабылдады. Кездеуге келіскен жігіт пен қызға 500 мың вон сыйақы беріледі. Теңгеге шаққанда әрқайсысы 180 мың теңге алады.

Ал некелесуге бел байлаған ғашықтарға сыйлық ретінде тойға деп 20 миллион вон бөлінеді. Біздің валютаға шаққанда бұл 7 миллион теңгеден астам қаражат. Сондай-ақ жергілікті билік жас жұбайларға бес жылға дейін пәтер жалдау ақысын төлеуге көмектеседі.

Бұл бағдарламаға 24 пен 43 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады. Бағдарламаға қатысу үшін өтініш беріп, әңгімелесуден және іріктеуден өту керек.

Материал авторы