«Жүрегі айнып, қызуы көтерілді»: Маңғыстау облысында бастауыш сынып оқушылары жаппай тамақтан уланып қалды

Аиса Махамбет Редактор
07.09.2024, 19:12
835
«Жүрегі айнып, қызуы көтерілді»: Маңғыстау облысында бастауыш сынып оқушылары жаппай тамақтан уланып қалды lada.kz

Маңғыстау облысында Бесшоқы ауылындағы №8 мектепте оқушылар жаппай тамақтан уланып қалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, мектеп асханасына барған 1-4 сынып оқушылары зардап шекті.

"Қарындасым мектептен келе сала, ұйықтайтынын айтты. Кешке оянған кезде жүрегі айнып, қызуы 39,2 градусқа дейін көтерілді. Біз оны Маңғыстау ауылының ауруханасына апардық", - деді бірінші сынып оқушысының ағасы.

Зардап шеккен қыздың туыстарының айтуынша, жергілікті ауруханаға барған кезде ол жақта кезекте 50-ден астам бала болған. Көрші Маңғыстау ауылының медициналық мекемесі 35-40 оқушыны бақылап, кейбір зардап шеккендерді Ақтаудағы облыстық балалар ауруханасына жіберген.

Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы 6 қыркүйек күні кешке №8 мектептің 21 оқушысының ата-аналары іштің ауыруы мен дене қызуына шағымданғанын хабарлады. Сағат 13:15-те 58 бала медициналық көмекке жүгінген. Клиникада 26 бала ем алып, 27 бала үйде бақылауға жіберілген. Тағы бесеуі ауруханаға жатқызылды.

Уланудың себебін өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің қызметкерлері анықтайды.

Forte Kulanshi Art Space: Астаналық арт-ортаның жаңа белесі Словения президенті Димаштың жанкүйері болып шықты «Qoslike» бағдарламасының жүргізушісі ұзатуында өзіне тілек айтып, халықтан сөз естіді (ВИДЕО) Енді жеке куәлікті онлайн алуға болады «Chanel, Dolce & Gabbana және Prada»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі туған күніне келген сыйлықтарды көрсетті Шерзаттың әпкесі Бақыт Реймова суицид жасамақ болды «Жүре алмай, қоштасып келдім»: Жұлдызай Дүйсенбиева ауыр халге түскенін айтты «Аурухананың білікті заңгері болды»: Құлсарыда бұрынғы күйеуінің қолынан қаза болған әйел туралы тың дерек пайда болды «Кредит жабамын» деп Ресейге жұмысқа кеткен жігіт жоғалып кетті Жетісулық мектеп оқушысы бетон жабындысының астында қалды Туды қорлаған қара жамылған қыздар жазаланды Бүгін Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл «Жаңбыр, тұман, жел»: 1 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Шерзат Болаттың ісі бойынша сот қашан басталатыны белгілі болды «Арасында Сара Тоқтамысова, Мөлдір Әуелбековалар бар»: Айгүл Елшібаева хиджабтың үстінен тақия киетіндерді сынады «Мама, намаз оқисыз ғой» деп отыратын»: Қаржы пирамидасын жарнамалап сотталған Мейіржан Төребаевтың анасы ел алдына шықты Павлодарлық еркек 14 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді Әлімжеттік туралы видео жариялаған астаналық студенттің анасы жауапқа тартылды «Бриллианттарымды таратып жатырмын»: Мақпал Жүнісова әнші Бүркіттің әйеліне ерекше сыйлық тарту етті «Бетін аяқпен теуіп, түкірген»: Теміртаулық жасөспірімдер зейнеткерді ұрып-соққан (ВИДЕО)