«Мемлекетіміз үшін лайықты әке болғаны ғой»: сотта Бишімбаевты ата-ана құқығынан айырмайтын болды

08.09.2024, 15:51
728
«Мемлекетіміз үшін лайықты әке болғаны ғой»: сотта Бишімбаевты ата-ана құқығынан айырмайтын болды golos-naroda.kz

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қахарман соттың Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру туралы өтінішін қанағаттандырмағанын жеткізді. Ол балаларының әкесімен байланыста болғанын қаламайтынын жеткізді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Назым Қаһарман өзінің Instagram парақшасында Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру туралы сотқа жүгінгенін алға тартты. Ол Бишімбаевпен бірлескен некеден туған үш баланы тәрбиелеп отыр.

Назымның айтуынша сот бұл үшін заңды негіз жоқ деп санаған. Балалардан екі сағатқа жуық жауап алынған. Алайда судья дәлелдерді ескермеген.

"Біздің мемлекетіміз үшін лайықты әке болғаны ғой", - деп жазды ол желіде.

Сондай-ақ Назым балаларының тегін де өзгертуді қалайтынын қоса кетті.

"Мәселе мынада, аса қауіпті қылмыскерлерге түрмеге әр қағаз үшін барып, одан келісім сұрап жүргіміз келмейді. Оның келісімінсіз балалардың ешқайсысы турнирге жаттықтырушымен немесе олимпиадаға мұғалімімен бірге бара алмайды. 

Заңның өзінде мұндай қылмыс жасағаны отбасы мүшесі ата-ана құқығынан айырылатындығын көрсеткен. Бұл жайдан-жай емес. Мұндай адамдар балалар үшін шешім қабылдамауы керек.

Біздің жағдайда тіпті кедергі жасамауы керек. Балалар әлі күнге дейін оның фамилиясын алып жүр. Себебі ата - ананың екеуінің де келісімінсіз мұны жасай алмайды екенбіз", - деді Назым Қаһарман.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады