«Екі бала жансақтау бөлімінде жатыр»: Маңғыстауда уланған балалар саны 300-ге таяп қалды

08.09.2024, 19:53
698
«Екі бала жансақтау бөлімінде жатыр»: Маңғыстауда уланған балалар саны 300-ге таяп қалды Getty Images

Әкім балалардың жағдайын білуге барған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстау облысында тамақтан уланғандардың саны 300-ге таяп қалды. Бір уақытта екі бала жансақтау бөлімінде жатыр. 

Маңғыстау облысының әкімі тамақтан уланып ауруханаға түскен оқушылардың жағдайымен танысты.

Жексенбі, 8-қыркүйекте Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай облыстық ауруханада жатқан оқушылардың жай-күйін көріп, ата-аналарына балаларының тезірек сауығып кетуін тіледі. Осы салаға жауапты тұлғаларға уланған балаларға қажетті барлық көмекті көрсетуді және ауруханадағы жұмыс кестесін күшейтуді тапсырды.

Мұнда қазір 67 бала ем қабылдауда. Олар күні кеше Мұнайлы ауданындағы 8-мектепте жаппай астан уланып, ауруханаға түскен. Екі бала жансақтау бөлімінде дәрігерлердің жіті бақылауында. 

Облыстық әкімдік жанындағы жедел штабтың жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан шақыртуларға дереу қызмет көрсету үшін облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясының 12 негізгі және 4 қосымша бригадасы жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, Мұнайлы орталық аудандық ауруханасының шақыруларға қызмет көрсетудің 4 санатты 4 бригадасы және Ақтау қаласының 4 санатты 7 бригадасы жұмылдырылды. 

Облыстағы емханалардың психологтар тобы ата-аналар мен балаларға қажетті көмек көрсетуде. 

"Ауруханада тиісті ем-дом көрсетілуде. Дәрі-дәрмек пен төсек орындары жеткілікті. Дәл қазір ең бастысы, оқушылардың денсаулығы. Науқастардың тез жазылып кетуіне барлық жағдайды жасауымыз қажет. Кейін осы жағдайға байланысты тиісті шаралар мен шешімдер қабылдайтын боламыз",- деді Нұрдәулет Қилыбай.

«Екінші рет алып жатырмыз»: Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің туған күніне ерекше сыйлық жасады Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті