Ресейлік КВН жетекшісі Александр Масляков қайтыс болды

Аиса Махамбет Редактор
09.09.2024, 11:53
918
Ресейлік КВН жетекшісі Александр Масляков қайтыс болды жеке мұрағатынан

КВН жетекшісі әрі бұрынғы жүргізушісі Александр Масляков 83 жасында қайтыс болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Масляков КВН-нен басқа, “Алло, мы ищем таланты!" и "А ну-ка, девушки!” сынды телетуындыларды жасады. 

Ресейлік БАҚ-тың мәлімдеуінше, Александр Масляковтың өліміне өкпенің қатерлі ісігі себеп болған. Кейінгі алты айда тележүргізушінің жағдайы нашарлап, оның тыныс алуы және сөйлеуі қиындаған. Оның соңғы күндері Мәскеу ауруханасының паллиативті көмек бөлімінде өтті.

“Ол КВН қозғалысының барлық қатысушылары мен миллиондаған көрермен үшін аңыз адам ретінде мәңгі есте қалады. 1964 жылдан бастап ол Ресейде және шетелде әзіл мен сатира символына айналған КВН бағдарламасын жүргізді.

Александр Васильевич көптеген марапаттарға ие болды, "Отанға сіңірген еңбегі үшін" орденінің иегері, "АМиК" шығармашылық бірлестігінің негізін қалады. Оның отандық ойын-сауық телевидениесінің дамуына қосқан үлесі зор”, – деп жазды КВН ұжымы.

Сондай-ақ 2022 жылы Александр Масляков коронавирус жұқтырды. Ауруына байланысты КВН-ді жүргізген жоқ. Ол 8 қыркүйекте жан тапсырды. 

Алтынай Жорабаева кісі қайтқан жерге мобилограф ертіп келетін жұлдыздарды сынап тастады Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа адаммен жаңа өмір бастағалы жатыр Ирандағы босқындар Каспий асып келуі мүмкін бе? Сыртқы істер министрі жауап берді Енді инвесторды прокурордың рұқсатынсыз тексеруге болмайды Жандос Өмірәлиев: «Қылмыс деңгейінің төмендеуі – қоғамдағы оң өзгерістердің көрінісі» Бас прокуратура: Жалған ақпаратты жиі тарататын – жастар Енді іздеудегі адамдарды жасанды интеллект анықтайды Бас прокурордың орынбасары алаяқтарды анықтау жұмыстары күшейтілгенін жеткізді Прокурорлар балалар үйлеріне түнгі уақытта бақылау жүргізе бастады Прокуратура әлеуметтік желідегі ақпаратты күнделікті бақылайды – Жандос Өмірәлиев Ақсудағы дауылда ағаш қадалып қаза тапқан әйелдің отбасына 1 млн теңге ғана көмек көрсетілген Ресейде 14 жасар қызды ұрлап әкетті деген күдікпен өзбекстандық қамауға алынды «Мас күйде таксиге отырып, анама бардым»: Ұлықпан Жолдасов Садраддиннің әндерін сынға алды Иранның ядролық нысанына шабуылдан кейін ауыр зақым келгені спутниктен анықталды Александр Бублик әлемдік рейтингте ТОП-30 қатарына кірді Ресей мектеп бағдарламасынан украин тілін алып тастады Дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегеріне Моңғолия қазақтары автокөлік сыйлады Иран сыртқы істер министрі Путинмен келіссөз жүргізу үшін Мәскеуге барды Бұрынғы судья Қарлығаш Тәткееваға іздеу жарияланды Иранға жасалған соққы Трампқа импичмент жариялауға негіз болмақ