«Аула сыпырып, ауыр жұмыс істеген»: Желіде таралған видеодан соң бір күнде баспаналы болған әже қазіргі күйін айтты

Аиса Махамбет Редактор
09.09.2024, 12:32
836
«Аула сыпырып, ауыр жұмыс істеген»: Желіде таралған видеодан соң бір күнде баспаналы болған әже қазіргі күйін айтты stan.kz

Әлеуметтік желіде Алматы көшелерінің бірін тазалап жүрген әжейдің видеосы көпшіліктің назарын аударды. Ақсандап, шаруа арасында демалған кейуананың жағдайына қазақстандықтар немқұрайлы қарамай 815 мың теңге несиесін төлеп, баспана сыйлады. Stan.kz тілшісі әженің қазіргі күйін білу мақсатында отбасымен тұрып жатқан үйіне барып қайтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандықтардың жүрегін селт еткізген видеоны түсірген жиырма жастағы – Жансая Атемкүл. Көше сыпырып жүрген кейуананы көргенде жаным ашыды дейді. 

“Мен жолда өтіп бара жатқан кезде апаны көріп қалдым. Баяғы ауылдағы апаларға ұқсатып қарап қалдым. Жаным ашып кетті. Себебі үлкен кісі, жастармен бірге ауыр жұмыс істеп жатыр. Барлығы менен сұрай бастады “қандай кісі, не үшін түсірдіңіз?” деп. “Түсіруге болмайды, ол кісі намыстанып жұмыс істемей қояды” деді. Ал мен керісінше видеоның көбірек қаралым жинағанын қаладым. Себебі өте ауыр жұмыс, жасы 85-те деп ойлап қалдым, бірақ жасы 65-те екен” – дейді Жансая.

Видео әлеуметтік желіде миллиондаған қаралым жинап, адамдар түрлі пікір жазысты. 

“Зейнетке шыққан шағында бейнет көргені мемлекетке сын емес пе?”, “Әппақ әжем, қайтсін енді ақша керек”, “Обал, баланы туды, бақты, қартайғанда осылай жүргені... Апамыз аман болсын!”, – деп жазды желідегілер.

Зейнет жасында мұнша бейнет көретіндей қарияның басына не күн туғанын үйіне барып білдік. 65 жастағы Айсәуле Байқуатова таңмен таласа тұрып, қала көшелерін жинайды. Жолдасы жаман аурудан көз жұмып, жастайынан жесір қалған. Бірақ жоқшылықтың  күйін әлі кешіп келем деп күйінеді кейуана. Ұлымның тапқан табысы күнкөріске  жетпегендіктен, табыс табуға мәжбүр. Жұмысқа шықпай қалған күндері нансыз қалып, тамақты несиеге аламыз дейді. 

“Сағат бес жарымда үйден шығамын, алты жарымда жұмысқа жүріп кетеміз. Бір түйір баламның табысы жетпейді. Сонша баласы бар. Шыдай алмай жұмысқа шығып кеттім. Қыздармен күн көрдім. Күнкөріс төмен болды. Кредитіміз де көбейіп кетті. Балаларымыз аш қалмасын деп, нанды да кредитке алдық. Қатты қиналып кеттім. Демалсам, нан болмай қалады. Жұмыста үлкен кемпірлер конфет береді, шаймен іш деп. Тамағымнан өтпейді, алып қоям. Неге жемейсің дейді басқалар. Мен оны балаларыма беремін. Немерелерім аш болмасын деп”, – дейді әже.

апа

Фото: жеке мұрағаттан

Айсәуле апа ұлы Құралбек Алданазаровтың қолында тұрады. Ұлының ай сайынғы табысы несие төлеуге кетсе, келіні Жүзімгүл Сайтмұратова үйде бала тәрбиесімен айналысады. Апаның зейнетақысы 66 мың теңге. Ал жұмысынан ай сайын жалақы алмайды. Күндік жұмысына 5000 теңге береді. Апаның қиын жағдайын көрген Жансая Атемкүл арнайы шот ашып 815 мың теңге несиесін жауып берді. 

“Өтірік фейк акаунттан апаға сбор ашылған. Кейбір кісілер өздерінің карталарын жазған. Сосын мен жүздей адамның акаунтын өшіріп, өзім шот ашам деп шештім. Апа мені көргенде құшақтап алды. Алғысын айтты. Ақшаны бермегеннің өзінде бұл кісінің жүрегі сондай кең, соншама жыл жұмыс істеп, дұғаларым қабыл болған шығар деді. Осы кезде менде басқаша сезім болды”, – деді 

Видеодан соң  Айсәуле Байқуатова баспаналы болды. Тар, ескі үйінен кетіп, бала-шағасымен жаңа үйіне орналасты. 

“Үй береді дегенде ойбай, мені біреу сыртымнан түсіріп алмады ма екен. Түсіріп алғанға да рақмет дедім. Беттеріне қарадым балалардың. Өтірік айтпайтын сияқты. Жақсы көрінді көзіме. Біреулер айтты: “сенбе деді”. Неге сенбейді екенмін, жақсы адамдар ғой олар дедім. Қуаным жүрегім, тым жақсы болып кетті. Баяғы жас сияқты болып көріндім өзіме. Жақсы адамдар бар екен ғой деп ойладым” – деп көзіне жас алды. 

Жаңадан берілген үйдің көшесіне жылу құбырлары өткізілмеген. Дегенмен әкімдік әжейдің отбасын биыл отынмен қамтамасыз етуге уәде берді. Келесі жылы құжаттарын реттеуге жәрдемдеседі. Айсәуле Байқуатованың ендігі арманы үйінің алдына терек отырғызып,  немерелерінің жанында отыру. 

 

«Мас күйде таксиге отырып, анама бардым»: Ұлықпан Жолдасов Садраддиннің әндерін сынға алды Иранның ядролық нысанына шабуылдан кейін ауыр зақым келгені спутниктен анықталды Александр Бублик әлемдік рейтингте ТОП-30 қатарына кірді Ресей мектеп бағдарламасынан украин тілін алып тастады Дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегеріне Моңғолия қазақтары автокөлік сыйлады Иран сыртқы істер министрі Путинмен келіссөз жүргізу үшін Мәскеуге барды Бұрынғы судья Қарлығаш Тәткееваға іздеу жарияланды Иранға жасалған соққы Трампқа импичмент жариялауға негіз болмақ Георгий Жуков: «Қазақтар өздері қазақша сөйлесе, мен де үйреніп алар едім» АҚШ Иранмен кездесуге дайын екенін жеткізді Астанада жігіт бұрынғы қызын өлтіріп, оның бауырын пышақтап тастаған (ВИДЕО) Сарапшы: «Иран әлі де ядролық бомба жасай алады» Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың өзі шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды