«Менің қатысуыммен жасырын порноматериалдар жинаған»: Ақтөбелік әйел өзіне қастандық жасаған бұрынғы күйеуін жазалауды сұрайды (видео)

Аиса Махамбет Редактор
09.09.2024, 19:48
649
«Менің қатысуыммен жасырын порноматериалдар жинаған»: Ақтөбелік әйел өзіне қастандық жасаған бұрынғы күйеуін жазалауды сұрайды (видео) бейнежазбадан алынған кадр

Әділдікке қол жеткізе алмаған әйел Тоқаевқа үндеу жолдады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе тұрғыны Алтынгүл Төлепова бұрынғы күйеуінің қоқан-лоқысы мен қастандық әрекеттерінен мезі болып, өз өмірі үшін қорқатынын айтып Stan.kz редакциясына жүгінді. Экс-күйеуі әйелді көшеде өлтірмек болып, шабуылдаған кезде біреулер арашалап қалыпты. Сонда да ер адам жазаға тартылмапты. Онымен қоса, ер адам жыныстық қатынасқа түскен видеоларды жасырын түсіріп алып, оны сақтаған. Әділдікке қол жеткізе алмаған әйел Тоқаевқа үндеу жолдады.

Ақтөбелік Алтынгүл Төлепова – үш баланың анасы. Қаңтарда 22 жыл некеде болған Ахметжан Күзембаевпен кикілжің пайда болған. Сөзінше, ер адамның некесіз 2 баласы бар екенін Төлепова біліп қалыпты. Содан ажырасамын деп шешім қабылдайды. Ол үйден күйеуінің флешкасын тауып алып, ішін ақтарған кезде оның жасырын камера арқылы порноматериалдарды сақтайтынын білген.

“Порноматериалдардың ішінде кәмелетке толмаған қыздар бар”

“Үй жинап жүріп тауып алған флешканың ішінде күйеуімнің неше түрлі қыздармен жыныстық қатынасқа түскен видеолары табылды. Әр қыздың атын бөлек папкаға сақтаған. Көбі кәмелетке толмаған қыздар екені көрініп тұр. Меніңше, жастары 15-17-де. Осыны көріп, 12 жасар қызым үшін қорқып кеттім. Оған да тиіседі деп ойлап, осы порноматериалдарды полицияға апарып, арыз жаздым. Флешкада менің де видеоларым бар екен. Үйге жасырын камералар орнатып, күйеуім бірге болған сәттерді түсіріп, сақтап жүрген”, – деді ол. 

Осыдан соң Қылмыстық кодекстің 147-бабы “Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты және дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу” бойынша қылмыстық іс қозғалды. Басқа қыздар да арыз жазған. Қазір тергеу жүріп жатыр екен. 

Сәуірден бастап ер адам әйелді қорқыта бастапты. Барлық жерден оның нөмерін бұғаттағанына қарамай, мобильді аударым арқылы түрлі хат жазған, тіпті Алтынгүлдің ата-анасына қоқан-лоқы көрсеткен.

“Үйді өртеп кетемін, өлтіріп кетемін деп қорқытты. 22-дегі балама “анаңа бірдеңе істеп кетемін деп қорықпайсың ба?” деп жазды. Сол үшін Қылмыстық кодекстің 115-бабы “Қорқыту” бойынша арыз жаздым. 1 айға “қорғау нұсқамасы” берілді. Бірақ 10 күннен соң ол нұсқаманы бұзып, маған шабуылдады”, – деді Алтынгүл Төлепова.

“Ішінен ұрып, жіппен қылқындырған”

18 сәуірде кешке ол қызымен дәріханаға барған. Күзембаев оның көшеге шыққанын күтіп, шыққан сәтте ішінен ұрған. Содан кейін артынан келіп, жіппен қылқындырды. 

“Осы сәтте көліктегі қызым бәрін көріп, шошып қалды. Көшедегі бір жігіт келіп, құтқарып қалды. Жігіт арашалап, оны қуып шықпағанда, мен өліп кетер ме едім?! Үйге оралуға қорқып, полицияға арыздандым. Қорғау нұсқамасы бұзылғанын айтып, арыз жаздым. Бірақ іс Қылмыстық кодекстің “Қастандық” бабы емес, Әкімшілік кодекстің 73-1-бабы “Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру” бойынша тіркелді”, – деді әйел. 

19 сәуірде Күзембаев қаладан кетіп қалған екен. Оны тек 24 шілдеде таба алған. Ал әкімшілік сот істі мерзімі өтіп кетті деп қысқартып тастапты. Алайда Төлепованың адвокаты Ескендір Серікұлы істі қысқартқаны заңсыз екенін айтады. 

“Әкімшілік істің мерзімі – екі ай. 17 маусымда іс тоқтап тұрған еді, демек екі ай өткен жоқ. Сол үшін біз апелляциялық шағым жібердік”, – деді адвокат. 

Ер адам жазадан сытылып кетті

Ақтөбелік әйелдің айтуынша, осылай жазасыз қалғаннан кейін күдікті қорқытуын үдеткен, ата-анасын қорқытқан. Қазір оның үйіне күзет қойылған, Төлеповамен бірге еріп жүреді.

“Маған жарақат келгені туралы сот-медицина сараптамасы бар, мені құтқарған жігітті тауып алып, куәгер ретінде шақырдық. Ол да “мен келмесем, әйелді өлтіретін еді” деп растап отыр, қызым да растады. Соған қарамастан ол жазасыз, емін-еркін жүр. Менің жанымда қашанғы күзет жүреді? Сонда ол жазаға тартылуы үшін мен өлуім керек пе?”, – деді Алтынгүл Төлепова. 

Stan.kz тілшісі Ақтөбе облыстық сот пен полиция департаментінің баспасөз қызметіне сауал жолдады.

“Сот қаулысымен әкімшілік іс құқықбұзушылық жасалған күннен бастап 2 ай жауапқа тарту мерзімі өтуіне байланысты қысқартылған. Әкімшілік хаттаманы сотқа уақытылы жолдау мерзімін бұзғаны үшін полиция департаменті басшылығы атына сот жекеше қаулы шығарды. Қазіргі таңда жәбірленушіден апелляциялық шағым түсуіне байланысты аталған әкімшілік іс облыстық сотпен қаралып жатыр. Сот отырысы 10 қыркүйекте өтеді”, – деп мәлімдеді Ақтөбе сотының баспасөз қызметі.

Ал полиция департаменті соттың жекеше қаулысы негізінде учаскелік полиция инспекторларына сөгіс жарияланғанын мәлімдеді.

 

«Әділетті қоғам құруға тың серпін»: Қызылордада «Заң және Тәртіп» форумы өтті «Тіркеліп үлгеру керек»: Халық Дәулет Мұқаевқа тұсау кестіру үшін кезекке тұрып жүр Енді «Мисс Қазақстан» байқауына трансгендерлер қатыса алады Қостанай облысында мысық тістеп алған әйел қаза болды Франция мен Испания Ресей азаматтарына виза ережелерін қатаңдатты «Қыздар сияқты жүзік сұрай салмадым»: Баян Алагөзова күйеуінен мәһрге не алғанын айтты Қаржы министрлігі табысын жасырған 438 блогерге қатысты тексеру жүргізбек Илон Маск «нашақор» деген айыптан кейін тест нәтижесін желіге жариялады Министр Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғалмағанын айтты «Ажырасып кеткен»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жас жігітпен ән айтып, елдің талқысына ұшырады Ер адам баласының көзінше әйелін өртеп жіберген «Жүкті кезде ішіме отырып, тоқтамай ұрды»: Танымал блогер бұрынғы күйеуінің көрсеткен қорлығын әшкереледі (ВИДЕО) Еуроодақ өкілі: АҚШ мұрнын сұққан сайын, Таяу Шығыстағы соғыс ушығып барады «Хайп үшін кісі өлтіруге барады»: Блогердің көше тазалаушыларды қорлағаны жұрттың ашуына тиді «Халықты қауіпті топ деп ойлап қалыппыз»: Гуманитарлық көмек күткен 50-ден астам палестиналық қаза тапты Ақтауда ер адам дүкенші әйелді ұрғаны үшін сотталып кетті (ВИДЕО) Енді Еуропарламент жасанды интеллект жасаған бала порнографиясын қылмыс санайды Автобус апатында екі аяғынан айырылған қызға өмір бойы 100 мың теңге беріледі Еурокомиссия Ресейдің мұнайы мен газынан түбегейлі бас тартуды жоспарлап жатыр Елена Рыбакина туған күнінде жеңіспен елді қуантты