Ақтөбе облысында әйелін пышақтап өлтірген ер адам 11 жылға сотталды

10.09.2024, 11:51
827
Ақтөбе облысында әйелін пышақтап өлтірген ер адам 11 жылға сотталды el.kz

Оның үстіне 10 000 000 теңге өтемақы өндірілді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 9 қыркүйекте қызғаныштан әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған ер адамды кінәлі деп тауып, оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Сотта Мартук ауылында 2024 жылы 21 маусымда түнгі уақытта өз үйінің ауласында сотталушы мен әйелі арасында сөзге келіспеушілік туындағаны, сотталушы алкогольдік масаң күйде қызғаныштан әйелінің шашынан ұстап, оның мойын тұсына пышақпен бір рет соққы жасағаны анықталды. Одан кейін де В. жәбірленушіге бірнеше рет пышақ сілтеген, салдарынан әйел қылмыс орнында көз жұмған.

Сотталушы өзіне тағылған айып бойынша кінәсін толық мойындап, әйелін қызғаныштан өлтіргенін және жасаған қылмысы үшін шын өкінетінін айтты.

Соттың үкімімен В. кінәлі деп танылып, оған 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемесінде өтеу белгіленді. Сотталғаннан жәбірленуші өкілінің пайдасына моральдық өтемақы есебіне 10 000 000 теңге өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Иран сыртқы істер министрі Путинмен келіссөз жүргізу үшін Мәскеуге барды Бұрынғы судья Қарлығаш Тәткееваға іздеу жарияланды Иранға жасалған соққы Трампқа импичмент жариялауға негіз болмақ Георгий Жуков: «Қазақтар өздері қазақша сөйлесе, мен де үйреніп алар едім» АҚШ Иранмен кездесуге дайын екенін жеткізді Астанада жігіт бұрынғы қызын өлтіріп, оның бауырын пышақтап тастаған (ВИДЕО) Сарапшы: «Иран әлі де ядролық бомба жасай алады» Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты