Сахнаға самокатпен шығып, мемлекеттік туды бей-берекет сілкіген америкалық әнші сынның астында қалды (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
10.09.2024, 14:30
940
Сахнаға самокатпен шығып, мемлекеттік туды бей-берекет сілкіген америкалық әнші сынның астында қалды (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Алматыда концерті өткен америкалық әнші Оливер Три әнұранмен сахнаға самокат мініп шығып, мемлекеттік туды жамылды. Әртістің рәміздерді қолдана отырып істеген ерсі әрекеті көпшіліктің наразылығын тудырды. Бұл туралы 31 арнаның Информбюро жаңалықтар қызметі мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желі қолданушылары шетелдік музыканттың сахнадағы әрекетін сынап тастады.

“Әнұранның әнін өзгерту сотталатын жағдай”, “Жиналғандар әнұран айтылып жатқанын, ананың оны қорлап жатқанын білмей ме?”, “Туды мазақ етіп мықты боп көрінгісі келіп тұр ма?”, “Жауапқа тартсын”, ”Мынау таза мазақ қой”, “Әнұран мен туға тимеңдерші”, – деп жазды желі қолданушылары.

Болған жағадйға қатысты мәжіліс депутаты Абзал Құспан пікір білдірді. Оның айтуынша, шетелдік әртістің іс-әрекеті жан-жақты тексеріледі.

“Өйткені біздің мемлекетте рәміздерге қатысты тиісті заң бар және оны сақтамағандарға жауапкершілік көзделген. Сондықтан болған жайтты құзырлы органдар назарға алу қажет. Әуелі музыканттың мемлекеттік ту мен әнұранды қолдану кезінде қорлау белгісінің бар-жоғын анықтап алған жөн. Жалпы осы мемлекеттік рәміздерді қолдану барысын реттейтін өз алдына бөлек материалдық заң негізі жоқ. Бұл депутаттарға қойылатын талап деп ойлаймын, бірінші кезекте. Енді Үкімет бізге ондай заң жобасын ұсынған жоқ. Тиісінше бұл мәселе қазір мәжіліс қабырғасында қаралып жатыр”, – деді Абзал Құспан.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды