Белгілі актер Үсіпхан Сейтімбет өмірден өтті

10.09.2024, 13:20
3339
Белгілі актер Үсіпхан Сейтімбет өмірден өтті auezov-theatre.kz

Марқұм кино және театр актері қызметін атқарды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақ өнері ауыр қайғыға ұшырады.

Театр актері, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қаһарманы, «Құрмет» орденінің иегері Үсіпхан Әбдікерімұлы Сейтімбет дүниеден өтті.

Ол саналы ғұмырын Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрына арнап, тума таланты, табиғи дарыны арқасында әр жанрда есте қаларлық сан қырлы образдар галереясын жасады. Халық жадында бойына барлық өнерді қабыстыра білген шебер актер ретінде қалды...

Марқұмның отбасы мен жақындарына, бүкіл театр ұжымына қайғырып, көңіл айтамыз. Жатқан жері жайлы болып, жаны пейіште шалықтасын. Артында қалған ұрпақтарына ұзақ ғұмыр берсін.

Үсіпхан Әбдікерімұлы Сейтімбет 1960 жылы ОҚО, Келес ауданы, Игілік ауылында дүниеге келді.

1979 жылы Республикалық Эстрада-өнер студиясын бітіріп, Алматы облыстық филармониясына жұмысқа қабылданды.

1983 жылы Т. Жүргенов атындағы Театр және көркемсурет институтына оқуға түсті.

Желтоқсан оқиғасы кезінде батырлық пен патриотизм үлгісін көрсетіп, жастар қарсылығын ұйымдастырғаны үшін 1987 жылы екі жылға сотталып, 1989 жылы бостандыққа шықты. Осы жылы институттағы оқуын қайта жалғастырып, тәмамдады.

1990 жылы Ғ. Мүсірепов атындағы Жасөспірімдер мен балалар театрының актерлік құрамына жұмысқа қабылданды.

1999 жылдан бері М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында актер болып қызмет атқарды.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды