93

Астана – Қарағанды тасжолында бес көлік соқтығысты

Көлік дөңгелегінің жарылуы ірі жол апатына себеп болды.

Астана – Қарағанды тасжолында бес көлік соқтығысты
бейнежазбадан

 SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана – Қарағанды тасжолында көлік дөңгелегінің жарылуы салдарынан бес автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Оқиға Теміртау қаласы маңындағы автожолда тіркелді.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 22 қараша күні кешкі сағат 18:30 шамасында тасжолдың 185-шақырымында болған. Алдын ала болжам бойынша, Теміртау бағытынан келе жатқан Kia K5 көлігінің алдыңғы дөңгелегі кенеттен жарылып кеткен.

Осының салдарынан артта келе жатқан жүргізушілер шұғыл тежегішті басуға мәжбүр болған. Бұл жағдай өз кезегінде үш бөлек жол-көлік оқиғасын тудырып, Changan, Toyota, Jetour, Haval және Hyundai маркалы көліктер соқтығысты.

Оқиға орнына келген құзырлы орган өкілдері зардап шеккендердің жоқтығын хабарлады. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері апаттың нақты мән-жайын анықтау бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Мамандар көлік құралының техникалық жай-күйін үнемі тексеріп, жолда қауіпсіз қашықтықты сақтаудың маңыздылығын еске салды. 

Материал авторы