«Шежіреге қосу керек болды»: Аймағамбетов Маңғыстаудағы балалар уланған мектеп директорымен туыстығына қатысты пікір білдірді

Аиса Махамбет Редактор
10.09.2024, 17:18
920
«Шежіреге қосу керек болды»: Аймағамбетов Маңғыстаудағы балалар уланған мектеп директорымен туыстығына қатысты пікір білдірді жеке мұрағатынан

Бұрынғы білім министрі, парламент мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов Маңғыстау облысы Бесшоқы ауылындағы мектеп директорымен туыстық қатынасын жоққа шығарды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, БАҚ беттерінде Маңғыстау облысы Бесшоқы ауылындағы 300 оқушы уланған мектеп директорының Асхат Аймағамбетовпен туыстық қатынасы болуы мүмкін деген ақапарат тарады. Экс-министр бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.

“Қызық, менімен тектес қанша адам бар екен? Егер олардың барлығын менің туыстарым деп есептесек, онда кез келген мәселеде осы туралы жазуға болады. Сонда әр тақырып өзгеше түрленіп кетеді. Мысалы, Маңғыстаудағы жағдай туралы жазған бір басылым ондағы мектеп директорын менің "туысым" деп көрсеткен. Мен мұндай адамды бірінші рет естіп тұрмын. Енді оларды шежіреге қосу керек болды”, – деп жазды Аймағамбетов.

Мәжіліс депутаты білім беру саласындағы басшылық қызметте ешқандай туысы жоғын айтты. Ол Маңғыстауда болған жағдайға қатысты балалар мен ата-аналарға қолдау білідіріп, тезірек сауығып кетуін тіледі.

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында Бесшоқы ауылындағы №8 мектепте оқушылар жаппай тамақтан уланып қалғанын жаздық. Деректерге сенсек, мектеп асханасына барған 1-4-сынып оқушылары зардап шеккен. Зардап шеккен қыздың туыстарының айтуынша, жергілікті ауруханаға барған кезде ол жақта кезекте 50-ден астам бала болған. Көрші Маңғыстау ауылының медициналық мекемесі 35-40 оқушыны бақылап, кейбір зардап шеккендерді Ақтаудағы облыстық балалар ауруханасына жіберген.

«Назарбаев ұлтшыл жігіттерді биліктен алыстатты» – Санжар Керімбай «Көріпкелдің арқасында»: Ұлықпан Жолдасов неліктен шашын қысқартпайтынын түсіндірді Жамбылда екі мектеп оқушысын көлік қағып кетті (ВИДЕО) «Жастарым да «көгілдір»»: Ринат Зайытов мәдениет саласындағы марапат алғандарды сынады Әлішер Каримов президенттің қолынан Халық әртісі атағын алды (ФОТО) «Сондай жағдай болып қалды»: Сотталушы Шерзат Болаттың отбасынан кешірім сұрады Сотта Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді Сәтбаев университетінің заңсыз сатылған жатақханасы қайтарылды «Шерзатқа пышақты мен салдым» деген едіңіз»: Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындап отыр «Кезби» мұнай компаниясының басшысы Ержан Кезбаев 3 млрд теңге ақша жымқырғаны үшін сотталды Кісі өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылдың сөздері күмән тудырып жатыр 52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО) Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген «4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды