«Әйеліме Tiffany сыйламаймын»: Нұрлан имам көп әйел алуға қатысты ойын бөлісті

Аиса Махамбет Редактор
10.09.2024, 19:15
570
«Әйеліме Tiffany сыйламаймын»: Нұрлан имам көп әйел алуға қатысты ойын бөлісті бейнежазбадан алынған кадр

TikTok арқылы танымал болған имам, теолог Нұрлан Байжігітұлы көп әйел алуға қатысты пікір білдірді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, дін өкілі “Сырласу” бағдарламасында қонақ болып, некелескен жарын жиі қуантқысы келетінін жасырмады. 

“Әйелім қымбат сыйлық сыйлағанымды ұнатпайды. Бірде сыйлаған едім, қатты ұрысып берді. Ол кісі өте қарапайым. Сондықтан әйеліме Tiffany сыйламаймын. Әйелің қанағатшыл болса, дүниенің басы құралады екен. Жар таңдауда жолым болды”, – деді имам. 

Одан кейін қоғамда қызу талқыланатын көп әйел алуға қатысты да жеке көзқарасын білдірді. 

“Көп әйел алуды қолдамаймын. Ондай әңгімені жақтырмаймын. Көп әйел алып, жылатып жүрген еркектер қаншама?! Көп әйелдің бірі болып, жылап жүрген қыз-келіншек қаншама?! Әділдік болуы керек. Құранда да айтылған. Әйелдің ішінде жарылмай жүрген өкпе-реніші болады. Сен тоқал алғың келе ме, қызыңды да тоқалдыққа беруге дайын бол. Көп еркек осы сөзбен келіспейді”, – деп ой бөлісті теолог. 

Еске салайық, қазақстандық келіншектер өзге діни ағымды ұстанатындар қалай көп әйел алатынын айтқан еді. 

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)