662

«Қорқытып, ұрып-соғып, мазақ қылған»: Астанада 9-сынып оқушылары қатарласына жабылып буллинг жасаған (ВИДЕО)

Астанада Ыбырай Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясының оқушылары жабылып буллинг жасап, оны видеоға түсірген. Бұл туралы Stan.kz жазды.

«Қорқытып, ұрып-соғып, мазақ қылған»: Астанада 9-сынып оқушылары қатарласына жабылып буллинг жасаған (ВИДЕО)
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, видео желіде пайда болды. Видео астындағы жазбада 9-сынып оқушыларының өз құрдастарын үнемі ұрып-соғатыны жазылған. 

"Оқушылар тобы үнемі басқа оқушыларды қорқытып, ұрып-соғып, мазақ қылған. Бұл ретте жаппай жабылатындардың құрамында шамамен 15 адам болған. Оқытушылар құрамы, меңгерушілер мен директор бұл жайтты білсе де, ешқандай шара қолданбайды деген ақпарат бар", – делінген хабарламада.

Бұл оқиғаға байланысты Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

"Бұл факт бойынша оқиғаның барлық қатысушыcы, 9-сынып оқушылары анықталды. Оқушылардан ата-аналарының қатысуымен сұхбат алынды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталды. Нәтижелері бойынша оқушылардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі", – деді ведомство.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор