«Бөпені не істемекшісің?»: Мереке Қалбаева өзінен 6 жас кіші күйеуімен танысқан сәтін есіне алды

Аиса Махамбет Редактор
12.09.2024, 19:59
994
«Бөпені не істемекшісің?»: Мереке Қалбаева өзінен 6 жас кіші күйеуімен танысқан сәтін есіне алды жеке мұрағатынан

Танымал жайдарманшы, актриса Мереке Қалбаева өзінен 6 жасқа кіші жолдасымен қыз бен жігіт болып жүргендегі кездерін бөлісті. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әзіл әлемінің жұлдызы осыдан оншақты жыл бұрынғы фотоларын көрсетті. 

“Арсеннің бұрынғы түрі “потолок”, иә? Арықтығын қараңыздаршы. Бәйтеректің жанындағы бағана екеуі егіз сияқты. 30 келі салмақ тастап, өзгерген кезімде маған көп жігіт әңгіме айта бастады. Таңдау көбейіп кетті. Ал мен ол кезде Арсенмен жүріп жүрмін. Бірақ ешкімге айтпаймыз, себебі екеумізде "өтірік" деп ойлап жүрміз. Бір күні бір жігіт "Мен сені жақсы көремін, жүрейікші, үйленемін" деп қоймаған соң Арсенмен жүретінімді айттым. Ол Арсеннің түрін көріп, шок болып, "Бөпені не істемекшісің?" дегені есіме түсіп кетті. Ол кезінде байқалмаған, қазір қарасам, шынымен бөпе болған екен ғой. Мен Арсеннің қылтырықтай болғанына мүлде мән бермеппін. Жасқаншақтану дегенді ойламаппын да. Қалай бар, солай жақсы көргем ғой", – деп жазды ол.

Еске салайық, өнер иесі қарызға кіріп кетіп, күйеуімен ажырасып кеткенін айтқан еді. 

“100 емес 200 млн-ға жақын еді қарызым. 100 миллионнан 4 айда құтылып тастадым, Аллаға шүкір! Қалғанын да жаба аламын. Бірақ жасырып шаршап кеттім. Мені қинағаны Арсенге айта алмай жүргенім еді. Ол да білді. Кезінде 3-4 миллион теңге үшін ажырасуға дейін барған едік. Хайырлысы… Үлгілі отбасы едік, әрі қарай да солай болайық деп дұға жасап қойыңыздар”, – деген болатын актриса. 

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды