Алматы облысында жер сілкінісінен кейін баспанасы жарамсыз боп қалған отбасы өтемақы ала алмай жүр

13.09.2024, 16:36
626
Алматы облысында жер сілкінісінен кейін баспанасы жарамсыз боп қалған отбасы өтемақы ала алмай жүр бейнежазбадан алынған кадр

Алматы облысында жер сілкінісінен кейін баспанасы жарамсыз болып қалған отбасы әкімдіктен өтемақы ала алмай жүр. Көктемдегі жерасты дүмпулерінен соң қабырғасы сөгіліп, іргетасы отыра бастаған үйді мамандар апатты деп тапқан. Бірақ сотқа жіберілген талап-арыз қанағаттандырылмай, оларға қаражат бөлінбеген. Бұл туралы 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасы мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жер сілкінгенде Лейлә Амринаның үйіндегі қонақ бөлменің қабырғасы сөгіліп кеткен.

Олар зақым келген бөлменің қабырғасын толық бұзып, шатыр құламас үшін арнайы темірлермен бекіткен екен. Бірақ ылғалдан топырақ төмен түсіп жатыр дейді. Себебі екінші бөлменің қабырғасында да сызат пайда болып, ауладағы төселген тастар да бүліне бастапты.

“Өздері келіп қарап, сосын маған қорытынды шығарды. Ақша жоқ және Талғар ауданында төтенше жағдай болған жоқ деді. Сонымен өтемақы берілмеді”, – деді Алматы облысының тұрғыны Лейлә Амрина.

Екі тәуелсіз сараптама қорытынды бойынша қабырғадағы жарық жер сілкінісінің әсерінен пайда болды. Мамандар шығын көлемі 8 миллион теңге деп көрсеткен. Енді отбасы күн суытқанда не істерлерін білмей отыр. Өйткені ашық жерді ағашпен жауып қойғанда суық жел соғады дейді. 

“Күнде қорқамын, түнде ұйықтамаймын. Себебі қабырға түссе не болады деп ойлаймын, қабырға тағы түсе ме?”, – деді ол. 

Бесағаш ауылдық әкімдігінің қызметкерлері бұл оқиғаның екі нұсқасы бар екенін айтады. Бірі – көрші тұрған нысанның моншасынан су ағып, топырақтың ылғалдануына әкелсе, екіншісі жер сілкінісінен болуы мүмкін деп болжанған. Сараптама бойынша екінші нұсқа да расталғанымен, азаматтар сотқа шағымдануы керегін айтыпты.

“Сот талап-арызды қанағаттандырмау туралы шешім шығарды. Егер судья Бесағаш ауылдық округі немесе Талғар ауданы әкімдігін үйді қалпына келтіру немесе өтемақы беру туралы міндеттесе, біз оны іске асырар едік. Сондықтан олардың аппеляциялық шағым түсірулеріне құқығы бар”, – деді Бесағаш ауылдық округі әкімінің орынбасары Әлібек Рамазанов.

Жарты жылдан бері баспанасын қалпына келтіруге тырысып жүрген Лейлә Амрина істі соңына дейін жеткізбек. Ол сот шешіміне наразы боп, енді аппеляциялық шағым түсірмек.

«Ажырасып кеткен»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жас жігітпен ән айтып, елдің талқысына ұшырады Ер адам баласының көзінше әйелін өртеп жіберген «Жүкті кезде ішіме отырып, тоқтамай ұрды»: Танымал блогер бұрынғы күйеуінің көрсеткен қорлығын әшкереледі (ВИДЕО) Еуроодақ өкілі: АҚШ мұрнын сұққан сайын, Таяу Шығыстағы соғыс ушығып барады «Хайп үшін кісі өлтіруге барады»: Блогердің көше тазалаушыларды қорлағаны жұрттың ашуына тиді «Халықты қауіпті топ деп ойлап қалыппыз»: Гуманитарлық көмек күткен 50-ден астам палестиналық қаза тапты Ақтауда ер адам дүкенші әйелді ұрғаны үшін сотталып кетті (ВИДЕО) Енді Еуропарламент жасанды интеллект жасаған бала порнографиясын қылмыс санайды Автобус апатында екі аяғынан айырылған қызға өмір бойы 100 мың теңге беріледі Еурокомиссия Ресейдің мұнайы мен газынан түбегейлі бас тартуды жоспарлап жатыр Елена Рыбакина туған күнінде жеңіспен елді қуантты «Жаппай Каспийге бет алды»: Израиль шабуылынан кейін мыңдаған адам Ираннан қашуда Өңірлерде өрт қаупі жоғары Шымкентте жігіт сөйлесіп жүрген 17 жастағы қызды азаптап, мәйітін қорлады «Әлі атақ бермеген»: әртістер Бибігүл Төлегеноваға құрмет көрсетті «Легенда-легенда деген сайын…»: Қайрат Нұртас жас әншінің әнін рұқсатсыз орындаған Raim келіншегі Ерке Есмаханды перзентханадан шығарып алды «Сүйген жүрек» клипіндегі жігіт 20 жылдан кейін Мадина Сәдуақасоваға тосынсый жасады Сириялық дәрігер Асадтың режиміне сеніп, адамдарды азаптағаны үшін өмір бойына сотталды Мұқағали Мақатаевты қорлаған блогер көліктің кілтін беріп, бостандық алды