Түркістан облысында мұғалім оқушысын зорлап, анасымен бірге өлтіріп кетті

13.09.2024, 18:32
4983
Түркістан облысында мұғалім оқушысын зорлап, анасымен бірге өлтіріп кетті ашық дереккөзден

Жауыз қазір уақытша қамауда отыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желіде тараған ақпаратқа сенсек, мектепте жұмыс істейтін мұғалім 16 жастағы қызға көз салған. Мұны оқушы қыз мектеп директорына айтқан соң мұғалімді жұмыстан шығарып жіберген. Жігіт осылайша анасы мен қыздан кек алмақ болған.

“Ер адам түнде шегіп алып, қыздың үйіне барып анасы мен қызды өлтіріп кеткен. Қыздың анасын кірпішпен ұрып, талдырып, өзін бөлмеге алып кіріп, құлттап алып айуандықпен зорлаған. Бетінің сау жер қалмаған, құлақтары мен көкірегін тістеп тастаған”, – деліген желіде тараған хабарламада.


Желіде тараған хабарлама

Түркістан облысы білім басқармасы күдіктінің білім беру саласында жұмыс істегені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

“Оқиғаға қатысты Келес ауданында қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттерін жүргізуге байланысты өзге мәліметтер жария етуге жатпайды. Ресми жауапты құзырлы органдар береді. Білім басқармасының атынан "күдікті" деп танылған азаматтың білім саласында жұмыс істемейтінін мәлімдейміз”, – делінген хабарламада.

Облыстық полиция департаменті күдіктінің ізін суытпай ұсталғанын мәлімдеді. 

“Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді”, – деп мәлім етті полиция.

 

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады