«5 рет қарызға батырды, ұрып-соқты»: Алматылық қыз азаматтық некедегі күйеуі тастап кеткенін айтып, көмек сұрады (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
15.09.2024, 14:30
1172
«5 рет қарызға батырды, ұрып-соқты»: Алматылық қыз азаматтық некедегі күйеуі тастап кеткенін айтып, көмек сұрады (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Жігітпен 4 ай бірге тұрғанын, сол уақыттағы көрген қорлығын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желіде алматылық ару азаматтық некедегі күйеуінің алдап, қарызға батырып, тастап кеткенін айтты. Қыздың сөзінше, жігіті алматыдан Астанаға бірге тұрамыз деп алып келген. 

"Осы жігіт үшін Алматыдағы дайын жұмысымды тастап Астанаға келгенмін. Екеуміз пәтер жалдап 4 ай бірге тұрдық. Төрт ай бойы сол жігіттің тамағын жасап, кірін жуып әйелі болғанмын. Енді пәтер ақысын төлеу уақыты жақындағанда заттарын жинап кетіп қалыпты. Мені қарызға кіргізіп кетті. Бұл қалада ешкімді танымаймын, ештеңеге қолым бармай тұр. Не істейтінімді білмеймін, бесінші рет алдап тұр. Полицияға хабарласайын десем, не деп айтамын оларға", – дейді қыз.

Сондай-ақ алматылық арудың айтуынша, азаматтық некедегі жолдасы қарызға ақша алып, ештеңе қалдырмай, тастап кеткен. 

“Алматыда жүргенде 4 рет тастап кеткен. Менен 300 мың теңге қарызға алып, ештеңе қалдырмай, бүкіл затын жинап Ресейге кетіп қалыпты. Жаңа хабарлама жазып жіберіпті: “мені кешір, Ресейге шұғыл кетуім керек болды” деп. Соңғы 4,5 жылдың ішінде осылай жасады. Бір келеді, бір кетеді. Кетуге алдын ала дайындалған. Жұмыстан келсем үйде менің ғана киімдерім тұр, өзінің затының бірін қалдырмай кетіп қалыпты”, – деді алматылық қыз. 

Алматылық қыздың сөзінше, азаматтық некедегі күйеуінің тіпті қол көтерген кездері де болған екен. Қиындыққа тап болған алматылық, қыздарды мұндай жігіттерге сенбеуге шақырды. 

Мұхамеджан Тазабектің шаңырағында той болмақ Ақтаулық ер адам өз баласын итше төбелестіріп, соны видеоға түсірген (ВИДЕО) «Тырнағын жұлып, қинап, терезеден лақтырған»: Алматыда азаптан қайтыс болған қыздың анасы әділдік сұрайды (ФОТО, ВИДЕО) Жасөспірімдер моншада жуынып жатқан қызды жасырын видеоға түсіріп, ауылға таратқан Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны жалған ақпарат болып шықты «Емі 2026 жылы бітеді»: Жұлдыз Әбдікәрімова дертке шалдыққанын, күрделі ем алып жүргенін айтты Алматыда Досаевтың отставкаға кетуін талап ететін митинг өтпек Украинадағы соғыс басталғалы бері Германия 349 ресейлікке босқын мәртебесін берген «Қонақүй жалдаған»: Домбырадан беретін мұғалім 14 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен Ер адам досын өлтіріп, денесін өртеп жіберді Павлодарда мәңгілік алау жанында би билеген оқушы қыздар жазаланды «Шариғатта тыйым салынған»: Асанәлі Әшімовтің актрисаларға киімін сыйлағаны сынға қалды (ВИДЕО) Дәрігерлер Таразда соққыға жығылған депутаттың жағдайы туралы айтты Тарбағатай ұлттық паркінің қызметкерлері жалған дипломмен жұмыс істеген АҚШ-та иммиграциялық қысым қарсы 20 штат Трампты сотқа берді «Құрмет» орденінің иегері 8,5 млрд теңге ұрлағаны үшін 8 жылға сотталды Трамп Сирияға салынған санкцияларды алып тастамақ Газ жарылысынан қаза тапқан балалардың суреті жарияланды Таразда депутатты ұрып кетті Бүгін еліміздің екі өңірінде 43 градус аптап ыстық болады