«Екі қолы мен екі аяғы екі жақта, беті бұзылған»: көршісі сол күні анасы мен қызының қалай өлтірілгені туралы айтты (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
15.09.2024, 19:13
1344
«Екі қолы мен екі аяғы екі жақта, беті бұзылған»: көршісі сол күні анасы мен қызының қалай өлтірілгені туралы айтты (ВИДЕО) жеке мұрағатынан

Марқұмның қызы мектепте дене шынықтыру мұғалімі болып жұмыс істеген күдіктінің сол күні наша шегіп алғанын айтты

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі журналист Түркістан облысында ер адамның қолынан азаппен көз жұмған анасы мен қызының өлімі туралы жазды. Айтуынша, дене шынықтыру сабағынан беретін мұғалім бір жыл бұрын 15 жастағы Нұрияға көз салып, мазасын қашырған.

Марқұмның күйеуі 15 жыл бұрын қайтыс болып кеткен. Үш баланың екеуін ұзатқан ол, үшінші қызымен тұрып жатқан. Мектепте аспазшы болып жұмыс істеген. Марқұмның қызының үлкен қызының айтуынша, ер адам екеуін аса қатыгездікпен өлтірген.

«Өмірден озған анам Зарипа Нарымбетова және сіңілім Толғанбаева Нұрия адам қолынан қаза тауып отыр. Екеуін аса аяусыздықпен өлтірген. Барлық бөлме қанға бөленген. Сіңілім қашқан. Оны үйге келген кісілер суретке түсіріп алған. Алайда, бізге қазір оны бермей отыр», - дейді марқұмның қызы.

Көршісі Заманбекова Рауза сол күні түнде үйге барған. Сөйтсе азаптанып жатқан анасы мен қызын көреді.

«Сол күні түнде Дәулет деген көршіміз келіп, мына үйге кіріңізші балалар ұрып кетіпті дегенге кіріп, қызды анасын көрейінші дедім. Нұрияның дауысы шығып тұрған. Соны барып көрейін деп жарықты жақсам, айтуға келмейді. Мүмкен емей айтуға. Оны жалаңаш күйінде көріп, не көргенімді білмей қалдым. Содан шешесіне Зарипа дедім. Бөлмесіне кірсем анасын ұйықтаған хәлде өлтірген», - дейді көршісі.

Қыздың әпкесінің айтуынша, күдікті сол күні наша шегіп алған. Оны егізі айтыпты.

«Бізді тергеуге шақырды. Сыртында тұрғанымда Аханов Абайдың сыңары мен әпкесі келіп, қылмыскерге түскі ас бересіңдер ма деп сұрады. Және ол Абайдың сыңары келіп кешірім сұрады, оның наша шегіп алғанын да маған айтты. Тіпті оның екі кісі болғанын да нақтылай айтты. Абайдың әпкесі кешірім сұрама деп сыңарын алып кетті», - дейді марқұмның қызы.

Күдікті 29 жаста және 3 баланың әкесі. Әйелі 4-не жүкті.

Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген «Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды Ақтауда сапбордпен жүрген жасөспірімді ағыс теңізге алып кеткен Киев Мәскеуге депортацияланған балалардың тізімін тапсырды