Маңғыстау облысында зейнеткер қоқыс өртеймін деп автотұраққа 29 млн теңге шығын келтірген

Аиса Махамбет Редактор
15.09.2024, 19:50
523
Маңғыстау облысында зейнеткер қоқыс өртеймін деп автотұраққа 29 млн теңге шығын келтірген pixabay.com

Көліктер өртеніп кеткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстау облысында өндірістік аймақ автотұрағының 29 млн теңге материалдық шығын келтірген бұрынғы дәнекерлеушісіне сот үкімі шықты. 

Маңғыстау облысы соттарының Facebook-тегі парақшасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Абайсызда от қойғаны үшін шектеу жазасы тағайындалды Мұнайлы аудандық сотында бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру бабымен айыпталған ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралған.

Сот айыпталушының Мұнайлы ауданында орналасқан өндірістік аймақтың автотұрағында дәнекерлеуші болып жұмыс істегенін анықтаған.

Ол 2024 жылғы 12 маусымда, жұмыс барысында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамай, автотұрақта орналасқан қоқыс жәшігіндегі қоқыстарды өртеген.

"Өрт салдарынан Lamber рефрижераторы, Mercedes-Benz Actros автокөлігі, Schmitz SKO 24mi рефрижераторы, Schmitz SKO 24L рефрижераторы, KC 45717a-1 краны және автокөлік бөлшектері орналасқан контейнер зақымдалған. Жәбірленушілерге жалпы 29 млн материалдық шығын келген", - делінген сот хабарламасында.

Жәбірленушілер шығынды сотталушыдан өндіруді, ал жаза тағайындау мәселесін соттың құзырына қалдыруды сұраған.

Сотталушы мен оның қорғаушысы бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады. Сот сотталушыға жаза тағайындау кезінде кінәсін мойындап, өкінгенін қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды, ал жауапкершілігін ауырлататын мән-жай анықталған жоқ.

Сотталушыға жаза тағайындау барысында оның зейнеткерлік жасын, бұрын сотты болмағанын, кінәсін мойындап, шын жүректен өкінетінін, жасаған қылмыстық құқықбұзушылық абайсызда жасалғанын, онша ауыр емес қылмыстар санатына жататынын ескерген.

"Сот үкімімен сотталушы Қылмыстық Кодекстің 204-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды", - делінген сот хабарламасында.

Жәбірленушілердің талап арыздары толық қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

«Ғашығына қосыла алмай ішіп кетті»: Танымал «Қызыл раушан» әнінің авторы далада қалған Астаналық тұрғын WhatsApp-тағы 2 хабарламасы үшін 2,5 жылға сотталды Балғынбек Имашевтың ұлынан Меккеге жолдама сатып алған тағы 40 шақты адам шу шығарды «Алты жолаушы ауруханада»: Құлсарыда автобус жол шетіне шығып кетті «Көлік тәркіленді»: Ер адам желідегі қаралым үшін баланы багажға салып тастаған Трамп: «Ресей дағдарыста, ал Путинге бәрібір сияқты» Павлодарлық келіншек 8 жасар ұлымен далаға қонған «Інісі қаза болды»: Үндістандағы ұшақ апатынан 242 адамның тек біреуі тірі қалды Израильдің Иранға соққы беруі мұнай бағасын өсіріп, Еуропа биржасына әсер етті Екі күн балаларын қараусыз қалдырған әйел жазаланды Қарағанды облысында ер адам екі дәрігерді соққыға жықты Өгей қызын ұрып, шашынан сүйреген маңғыстаулық тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды Марқұм Денис Тен тірі болса, бүгін 32 жасқа толар еді Әділет Майғазиев әйелімен қалай танысқанын айтты Футбол жұлдызы Ламин Ямаль FIFA 2026™ футболдан әлем чемпионатында Visa-ның жаһандық амбассадоры атанады «Бір көйлек 600 мың теңге»: Жұлдыз Әбдікәрімова киілген киімдерін сатып жатыр Мұғалім емтихан жауаптарын сатты деген күдікке ілікті Дезинфекцияға сеніп қалмаңыз: қауіпсіздік қай кезде бұзылады? «Ресейден ақша тауып, жауды қолдап отыр»: Jah Khalib-ке Ресейге кіруіне тыйым салынбақ «Homay» әнімен әлемге танылған башқұрт әншісі Маңғыстауда бейнебаян түсіріп жатыр