Түркістан облысында анасы мен сіңілісінен айырылған қыздар көмек сұрады

Аиса Махамбет Редактор
16.09.2024, 09:50
2549
Түркістан облысында анасы мен сіңілісінен айырылған қыздар көмек сұрады бейнежазбадан алынған кадр

Қыздардың әкесі де 15 жыл бұрын кісі қолынан қаза тапқан боп шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысын Келес ауданында болған қанды оқиғадан анасы мен сіңлісінен айырылған қыздар жанайқайын жеткізді.

Олар Үкімет басшыларынан көмек сұрайды.

Біз – Ақдидар Толғанбаева Ерланқызы, Райхан Толғанбаева Ерланқызы. ҚР Бас прокурорынан, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыдан көмек сұраймыз. Анамыз бен сіңілімізді айуандықпен өлтірген Ақанов Абай Асхатұлын өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етеміз. Біріншіден сұрайтынымыз, аудан әкімінен бастап түгелдей басшылықтарды, аудандық ішкі істер бөлімі басшылары және олардың орынбасарлары, білім саласында №13 Т.Бигелдинов атындағы мектептің директорына және орынбасарларына шара қолдануды сұраймыз. Менің және сіңілім екеуіміздің сұрап отырғанымыз, зорлық-зомбылықпен, айуандықпен айналысқан адамды мектеп қабырғасына қалай жұмысқа орналасқанын білгіміз келеді, – дейді олар.

Сонымен қатар, апалы-сіңілілер құзырлы органның өкілдері қорқытқанын да ашып айтты.

Сіңілім екеуіміздің құзырлы органдар қорқытқаны үшін жазалауды сұраймыз. Біз іштей жылап, анам мен сіңілімді қара жерге тапсырып, ішімізді өртеп бара жатқанда, олар бізді қорқытты, – дейді олар.

Олардың сөзінше, әкелерін де осыдан 15 жыл бұрын біреу өлтіріп кеткен, алайда іс сол күйі тергелмеген, кінәлі жазасын алмаған.

 Осыдан 15 жыл бұрын 28 қазан күні әкеміз Байболатов Ерлан Толғанбайұлы кісі қолынан қаза тапқан. Іс мүлдем қозғалған жоқ. Әкеміз өмірден өткеннен кейін анамыз әкенің де, ананың да орнын басып, осы күнге бізді жеткізіп еді. Өзі сіңілім екеуі кісі қолынан қаза тауып отыр. Арада 15 жыл өтсе де қылмыстық іс қозғалған жоқ, – деді Толғанбаевалар.

Еске салайық, Түркістан облысында мұғалім оқушысын зорлап, анасымен бірге өлтіріп кеткен еді. Көп өтпей күдікті ұсталды.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды