Қайрат Нұртас Қазақстанда АЭС салуды қолдап, халыққа үндеу жасады

Аиса Махамбет Редактор
17.09.2024, 09:50
2152
Қайрат Нұртас Қазақстанда АЭС салуды қолдап, халыққа үндеу жасады бейнежазбадан алынған кадр

Өнер иесі АЭС салуды қолдайтынын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның эстрада жұлдызы, танымал әнші Қайрат Нұртас АЭС салуды қолдау жөніндегі Шымкент қалалық штабында болды. Бұл кездесуде өнер жұлдызы «AMANAT» партиясының қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыхожаевпен атом электр станциясының салыну жобасына байланысты пікір алмасты.

Қайрат Нұртас өз сөзінде елімізде атом электр станциясын салу жобасының жүзеге асырылуына толық қолдау білдіретінін атап өтті. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында жарияланған жалпыхалықтық референдумды маңызды қадам ретінде қарастыратынын және 6 қазан күні өтетін референдумда белсенді түрде қатысатынын мәлімдеді.

Әнші сонымен қатар, өзінің видеоүндеуінде халықты осы науқанға белсенді қатысуға шақырды. Ол барша тыңдармандарына референдумның маңыздылығын айтып, өз дауысын беру арқылы еліміздің болашағына үлес қосуға үндеді.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды