«Комикс кітаптарды сүйіп оқыды»: Алматыда шатырдан секіріп көз жұмған оқушы қыздардың жақындары оларды бұған не итермелегенін айтты (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
20.09.2024, 13:56
1102
«Комикс кітаптарды сүйіп оқыды»: Алматыда шатырдан секіріп көз жұмған оқушы қыздардың жақындары оларды бұған не итермелегенін айтты (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Алматыда екі жасөспірім көпқабатты үйдің шатырынан құлап көз жұмған еді. Оқушылардың суицид жасау себебі аниме кітап, интернет ойындары болуы мүмкін. Бұл туралы марқұмның туыстары баяндады. Stan.kz тілшісі оқушылардың жаназасында болып қайтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қаралы жиынға марқұмның жақындары мен туған-туыстары, мектеп мұғалімдері жиналды. Кішкентай қыздарынан қапыда айырылған отбасы жасөспірімді қимастықпен шығарып салды. Оқушының туысқан ағасы қарындасының өзіне қол салғанына сене алмайды. 

“Өз өміріне жауапкершілік ала алмайтын жаста, баламыз дүниеден озды. Қызымыздың дүниеден озуы өз еркімен емес, баланың психикасына әсер ететін интернет-технологияның салдарынан болды. Сондықтан бұндай жағдай балаға жасалған қастандық деп есептейміз. Біздің ғана емес барша қазақстандықтың басында болуы мүмкін. Бұл – балаға жасалған қылмыс. Бұл зұлымдыққа нүкте қойылуы керек. Қоғам болып атсалысуымыз керек. Баланың психикасын бұзатын дүниені жасаған жандар жазасын алуы керек”, – дейді ол. 

Тоғызыншы қабатта тұратын тұрғынның сөзіне сенсек, қайтыс болған қыздың біріне танысы қосымша сабақтан берген. Оның айтуынша оқушы өте көңілді, мейірімді, әртүрлі жанрдағы кітапты сүйіп оқыпты.

“Екі қыздың бірі – менің оқушым. Көңілді, мейірімді, әзілқой қыз болды. Балерина. Үш күннен бері жылап жатырмын. Анасымен жақын болған. Үнемі сырласады. Ата-анасы қызға өте жақсы көңіл бөледі. Аниме кітаптарын сүйіп оқыды. Арасында қандай кітап оқып жатқанын айтатын. Оның кітаптарына мән бермегенім өкінішті. Алдын алатын едім”, – депті танысы Анна (аты өзгертілген). 

Фото: Stan.kz/Медет Исапанов

Тұрғынның сөзіне сенсек, осы оқиғадан соң, ата-аналар арасында мына оқулықты балаңыз оқымасын, “қадағалаңыз” деген хабарламалар тарап кетіпті. Онымен қоса, қыздар өлімді романтика ететін кітаптар мен telegram каналдарға тіркелгені айтылған. 

Он сегіз жастан бастап оқуға рұқсат етілген кітаптың жасөспірімге қандай зияны барын психологтан сұрап көрдік.

“Кітапта қиындықта, қыстауда өзінің нәзік қалпын сақтап қалу керек деген метофора айтылған. Жұрттың бәрінің айтып жатқан жаман кейіпкері қайта-қайта өліп, тіріліп, өмірдің мәнін іздейді. Кітаптағы кейіпкер депрессияда өмір сүрген. Тура сол секілді өмір сүріп жатқан адамға кітап белгі болады. Мына кітапты ересек адам оқыса, миф екенін түсінуі мүмкін. Ал жасөспірім бала оқыса, басқаша әсер етуі ықтимал”, – дейді психолог. 

Фото: Stan.kz/Медет Исапанов

Сабақ уақытында шәкірттерінің сыртта жүру себебін сұрамақ болып №25 мектеп гимназиясына бардық. Мектеп басшылығы ақпарат беруден бас тартты. 

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады